AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / KitapFest 2025 Алматыда: кітаптар, жазушылармен жү...

KitapFest 2025 Алматыда: кітаптар, жазушылармен жүздесу және қызықты іс-шаралар

Мәдени Алматы 20.09.2025, 18:06 802 aqshamnews.kz
KitapFest 2025 Алматыда: кітаптар, жазушылармен жүздесу және қызықты іс-шаралар
Алматы әкімдігі

Алматыда елдегі ең ірі әдеби фестивальдердің бірі KitapFest 2025 басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ол Қала күніне орай ұйымдастырылып отыр. Негізгі алаң Арбат болды: мұнда таңнан бері шабыт пен шығармашылыққа толып, пікірлесу орнына айналды. 

Биылғы фестивальдің ауқымы ерекше әсер қалдырады: 60 баспадан 10 мыңнан астам кітап ұсынылды. Оның ішінде 2 мыңнан астам жаңа туындылар алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Іс-шара аясында белгілі ақын-жазушылармен кездесу өтті. Атап айтсақ, оқырман қауым Сәуле Досжан, Ақберен Елгезек, Мақсат Мәлік, Наталья Горячева, Людмила Лазарева, Василий Шупейкин және т.б. жүздесті. Олар туындысын таныстырып, өлең оқып, оқырмандардың сұрағына жауап беріп, жастарды шығармашылыққа жетеледі.

Қонақтарды «Жанды кітапхана» жобасы елең еткізді, мұнда Абайдан бастап Шекспирге дейінгі әлемдік әдебиет классиктері актерлердің орындауында «жан бітіп» көрерменмен жүздесті. Балалар үшін қиял-ғажайып декорациялар мен әдеби квесттер ұйымдастырылған Estelik Zone аймағы да көптің көңілінен шықты.

«KitapFest — бұл жай ғана кітап мерекесі емес. Бұл ұрпақтар арасындағы сұхбат орнайтын, сөздің қайтадан жанды сипатқа енетін, әдебиеттің қала өмірінің бір бөлігіне айналатын орын», — деді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан.

Фестиваль кітап адамдарды табыстыратын, ойды дамытатын әрі мәдени байланысты нығайтатын кеңістік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алматы әдебиетті қадірлейтінін және оны насихаттауға жағдай жасайтынын айқын көрсетті.

KitapFest 2025 қыркүйектің 21-іне дейін жалғасады. Сағат 20.00-ге дейін ашық шығармашылық пен әдебиет әлемін сүйетін барша жанды шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);