AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қала күніне орай Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Тәж...

Қала күніне орай Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Тәжікстаннан келген фермерлер жәрмеңкесіне барды

Барлығы 20.09.2025, 16:35 724
Қала күніне орай Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Тәжікстаннан келген фермерлер жәрмеңкесіне барды
Алматы әкімдігі

Алматыда Тәжікстан Республикасының Хатлон облысынан келген фермерлердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шара Қала күніне орай ұйымдастырылған.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жәрмеңкеде ұсынылған өнімдермен танысып, өндірушілер және келушілермен сөйлесті. Онымен бірге Хатлон облысының төрағасы Саид Давлатали де жәрмеңкеге қатысты. Бұған дейін олар ресми кездесу өткізіп, Алматы мен Хатлон облысы арасындағы ынтымақтастықтың болашағын, соның ішінде сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылаған болатын.

Жәрмеңкеге Хатлон облысынан 40 фермер қатысып, 200 тоннадан астам жаңа өнім әкелді. Қала тұрғындары үшін көкөністердің, жемістердің, табиғи құрғақ жемістер мен шығыс тәттілерінің кең таңдауы ұсынылған. Барлық тауарлар тікелей өндірушілерден жеткізіліп, жоғары сапа мен қолжетімді баға қамтамасыз етілуде.

Жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Алдағы уақытта құрғақ жемістер мен ерте пісетін жеміс-көкөністерді Алматы нарығына маусымаралық кезеңде тікелей жеткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жәрмеңке 20–21 қыркүйек күндері Алатау ауданындағы «Алатау» театрының алдындағы алаңда, Момышұлы мен Универсиада көшелерінің қиылысында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тәжікстан #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19

Қазақстан мобильді интернет бағасы мен жылдамдығы бойынша үздіктер қатарына енді

Бүгін 17:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);