Дамуындағы басымдық полицентрлік модельге беріледі – Алматы әкімі

  • 11:48, 21 қыркүйек 2025
Дамуындағы басымдық полицентрлік модельге беріледі – Алматы әкімі Алматы әкімдігі

Дамуындағы басымдық полицентрлік модельге беріледі – Алматы әкіміАлматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды шаһардың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Ол Қала күніне орай алматылықтарды мерекесімен құттықтап, шаһар дамуының жаңа кезеңіндегі маңызды жобаларды таныстырды. 

Қала әкімі атап өткендей, шаһар дамуындағы  басымдық - полицентрлік модельге берілетін болады. Бұл модель Алматының әр ауданында заманауи орталықтар құруды көздейді, оларда тұрғындарға қолайлы жұмыс орындары, мектептер, емханалар, саябақтар мен демалыс аймақтары қолжетімді болады.

«Негізгі мақсат – қаланың орталығын жүктемеден босату және әр ауданда тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орталықтар қалыптастыру. Онда тұрғындар үшін жақын жерде жұмыс орындары, мектептер, емханалар, саябақтар мен демалыс орындары қолжетімді болуы тиіс», - деді қала басшысы. 

Дархан Сатыбалды жаңа инфрақұрылым салу мен жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Қазірдің өзінде «Шығыс» және «Батыс қақпаларын» дамыту белсенді жүргізілуде. 
Сондай-ақ, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланы сапалы сыртқы жарықтандырумен қамту жыл соңына дейін 100%-ға жететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы жылдары 40-қа жуық саябақ пен сквер салу және жаңғырту жоспарланған. Әрі қаланың ірі көшелерінде «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Биыл Алматыда 400-ден астам аула абаттандырылып, 360 мыңнан астам жасыл желек пен 10 мыңдаған ағаш отырғызылған. Оған қоса бұрын жарықтандырылмаған 1200-ден астам учаске сапалы жарықпен қамтылған. 

«Келер жылдары шаһарымыз айтарлықтай түрленіп, алматылықтар бұл оң өзгерістерді анық байқайтын болады»,- деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:35

19:02

15:55

15:20

15:13

15:07

13:41

12:20

12:18

11:48

11:46

11:07

10:34

18:09

18:06

17:53

17:30

16:50

16:40

16:35

16:31

15:50

15:45

13:17

12:16