Алматыда «Алатау» теннис орталығы ашылады

Алматыда «Алатау» теннис орталығы ашылады Сурет: Olympic.kz

Алматының Алатау ауданында заманауи«Алатау» теннис орталығының ресми ашылуы өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Бұл шара Алматы қаласының күнінеорай ұйымдастырылып отыр.

Жобаспортты дамыту мен салауатты өмірсалтын насихаттаудағы маңызды қадамдардыңбірі. Жаңа орталық тек қаланың спорттықинфрақұрылымын жақсартумен шектелмей, кәсіби теннисшілерді даярлау, халықаралықтурнирлер өткізу және жастарды спортқа тартуүшін тың мүмкіндіктер ұсынады.

Заманауи инфрақұрылым

Жаңа теннис орталығы халықаралықстандарттарға сай салынған және ITF пен ATF деңгейіндегі республикалық әрі халықаралықтурнирлерді қабылдай алады.

Орталық аумағындағы нысандар:

Қатты жабындысы бар 4 жабық корт;

Қатты жабындысы бар 4 ашық корт;

Грунтты жабындысы бар 6 корт;

Ашық алаңдарда 150 орындық жәнеғимарат ішінде 100 орындық трибуналар.

«Алатау» жаңа орталығының жалпы аумағы5000 шаршы метрден асады. Орталық оңтүстікастананың халқы тығыз орналасқан Алатау ауданында орналасқан. Мұндағыинфрақұрылым заманауи талаптарға сайжасақталған және барлық жас санатындағыкәсіпқой спортшылар мен әуесқойларғаарналған.

Орталық тек жарыстар өткізумен шектелмей, бұқаралық теннисті дамытуға бағытталған. Оқыту үдерісіне білікті жаттықтырушылартартылып, кәсіби спортшыларды даярлауғажәне бұқаралық спортты дамытуға барлықжағдай жасалған.

Табысы төмен отбасылардан шыққан балаларүшін тегін жаттығу топтары ұйымдастырыладыәрқайсысында кемінде 10 баладан екі топ құрылмақ. Сонымен қатар, көп балалыотбасылар мен зейнеткерлер үшін жеңілдіктішарттар қарастырылған. Орталық мүмкіндігішектеулі жандар үшін де толықтайбейімделген.

Жаңа орталық мына нысандарды қамтиды:

Медициналық кабинет;

Буфет;

Заманауи TechnoGym жаттығуқұралдарымен жабдықталған фитнес-зал;

Конференц-зал.

Жаңа орталық күніне 400 спортшынықабылдауға қабілетті. Аталған жоба ҚазақстанТеннис федерациясының қолдауымен жүзегеасырылды.

Құрылыс тарихы

Ауқымды жоба оңай жүзеге аспады. Құрылысжұмыстары 2020 жылы басталған болатын, алайда бас мердігер ұйым нысанды уақытындатапсырмай, бұл жағдай сот істері мен айыппұлсанкцияларына әкелді. Кейін жоба сатып алуқұқығынсыз «Теннис Академиясы» ЖШС-ніңсенімді басқаруына берілді. Компания құрылысты аяқтауды өз міндетіне алды. Барлық жұмыстар Қазақстан Теннис федерациясының қадағалауымен жүргізілді.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 1 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары «Элит Иншаат» ЖШС мердігер ұйымымен бірлесіп жүзегеасырылды. Жер және техникалық құжаттардырәсімдеуге байланысты мерзімнің кейінгешегерілгеніне қарамастан, нысан сәттіаяқталып, пайдалануға берілді.

Әлеуметтік миссия және болашақжоспарлар

Сенімді басқару аясында «Теннис Академиясы» ЖШС мынадай әлеуметтікміндеттемелерді өз мойнына алды:

Жыл сайын еліміздің жетекшітеннисшілерінің қатысуымен шеберліксабақтары мен оқу-жаттығу жиындарынұйымдастыру;

Әлеуметтік осал отбасылардан шыққанбалаларды тегін оқыту;

Көп балалы отбасылар мен зейнеткерлерге әлеуметтік жеңілдіктер ұсыну;

Жылына кемінде 400 оқушыны қабылдау.

Орталықтың ашылуы Алматының ғана емес, бүкіл елдің спорттық өмірінде елеулі оқиғасаналады. Жаңа кешен спортшылардыдайындаудың сапасын жаңа деңгейге көтеріп, еліміздегі теннис инфрақұрылымын дамытуғаүлкен үлес қосады.

Соңғы 18 жылда Қазақстан Теннис федерациясы тарапынан спортты дамытуғасалынған жеке инвестициялар көлемі 150 миллион АҚШ долларынан асты. 2007 жылданбері 364 қатты және грунтты жабындыкорттары бар 38 теннис орталығы салынды. «Алатау» – Федерацияның қаржылайқолдауымен бой көтерген 39-шы теннис орталығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:09

18:06

17:53

17:30

16:50

16:40

16:35

16:31

15:50

15:45

13:17

12:16

12:14

11:39

11:29

10:37

10:15

10:09

10:05

00:29

23:30

18:59

18:00

17:41

17:27