AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қала күні аясында алғашқы республикалық «...

Алматыда Қала күні аясында алғашқы республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы басталды

Барлығы 20.09.2025, 15:50 638 yakiya
Алматыда Қала күні аясында алғашқы республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы басталды
Алматы әкімдігі

Алматыда Қала күні қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінен 9-10-сынып оқушылары арасында тұңғыш рет республикалық «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл ауқымды іс-шара халықаралық WorldSkills чемпионатының стандарттарына сай ұйымдастырылып, жасөспірімдерге талантын көрсетуге әрі болашақта сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік берді.

Байқау мегаполистің 11 мемлекеттік колледжі базасында өткізіліп, бүгінде сұранысқа ие бағыттарды қамтиды. Атап айтсақ, олар электрмонтаж жұмыстары, веб-технологиялар, мобилография, «ақылды үй» технологиялары, графикалық дизайн, аспаздық іс, мейрамхана сервисі, наубайшылық шеберлік, сән өнері, шаштараз ісі, автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету.

Алматы ұйымдастырушы ғана емес, жастар үшін нағыз тартылыс орталығына айналды. Мұнда жас таланттардың әлеуетін ашуға және жаңа буын мамандарын қалыптастыруға жағдай жасалып отыр. «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы мегаполистің білім беру мен кәсіби даярлық саласындағы инновациялар мен көшбасшылық бастамалар қаласы ретіндегі мәртебесін айқындай түсті.

«Бұрын жастар негізінен экономист пен заңгер мамандықтарына қызығатын, ал бүгінде «аспаздық іс», «графикалық дизайн», «мобилография» бағыттарына сұраныс артты. Бұл бізді қатты қуантады. Осындай байқаулар оқушыларға болашақ мамандығын тезірек таңдауға көмектеседі», – деді Алматы мемлекеттік бизнес-колледжінің директоры Айнұр Мұқажанова.

Чемпионат аясында «Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесі де өтті. Онда алматылық мектептердің 2200-ден астам оқушысы колледждермен, білім беру бағдарламаларымен танысып, жетекші мамандардың шеберлік дәрістеріне қатысты.

Осылайша, «JasSkills Kazakhstan – 2025» байқауы сайыс алаңы ғана емес, Алматыны жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынатын қала ретінде дамытуға, талант, еңбек пен амбицияны қолдап, елдің дамуына үлес қосқан қалаға айналдыруға жасалған тағы бір қадам болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);