Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы – цифрлық дамудың және кәсіпкерліктің ортал...

Алматы – цифрлық дамудың және кәсіпкерліктің орталығы

Барлығы 21.09.2025, 12:20 475
Алматы – цифрлық дамудың және кәсіпкерліктің орталығы
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы еліміздегі цифрлық трансформацияның алдыңғы шебінде тұр. Бұл туралы мегаполис басшысы Дархан Сатыбалды Қала күніне арналған мерекеде сөйлеген сөзінде атап өтті.

«Президент Жолдауында атап өтілгендей, Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруда Алматының рөлі ерекше. Қазіргі күні елімізде көрсетілетін IT-қызметтердің жартысынан астамы Алматыда жүзеге асуда», – деді шаһар басшысы. 

Сондай-ақ ол өз жұмысының басты бағыттарының бірі – IT-инфрақұрылымды дамыту, талантты жастарды қолдау және инновациялық жобаларды ілгерілету екенін баса айтты.  Дархан Сатыбалды сөзінде қазіргі таңда шағын және орта бизнес саласы қалада 1 миллионнан астам тұрғынды жұмыспен қамтып отырғанын, әрі  осы секторды қолдауға биыл 70 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін жеткізді. 

Әкімнің сөзіне сүйенсек, өндірістік әлеует те артып келеді: Алматы индустриялық аймағы мен «Алатау» АЭА-да жүздеген кәсіпорын жұмыс істеуде. Жоғары сұранысқа байланысты бұл аумақтар кеңейтіліп, инновациялық технологиялар орталығына айналады.

“Туризм бағытында да жаңа жобалар қолға алынуда. Алдағы уақытта іске қосылатын Алматы тау кластері халықаралық сапа мен экология стандарттарына сай құрылып, Орталық Азиядағы ең ірі төрт маусымдық туристік жобаға айналмақ”, — деді шаһар басшысы.

Алматы әкімдігі тұрақты дамуды, кәсіпкерлікті қолдауды және қаланы халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті орталық ретінде қалыптастыруды жалғастыра береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа әскери нысандар бой көтеруде

Бүгін 14:55

Мысырға баруға болады

Бүгін 14:30

Дархан Сатыбалды Алматы жолдарындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Бүгін 14:20

Әбиба Әбужақынова германиялық брендтің амбассадоры болды

Бүгін 14:15

Италия музейінен құнды картиналар ұрланды

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика