Жартас суреттері – көне дәуір дерегі

Жартас суреттері – көне дәуір дерегі aqshamnews.kz

Алматы қаласындағы Апорт-Молл сауда орталығында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Жартас суреттері – көне дәуір дергі» атты фотокөрмесі көрермендерге жол тартты.

 

Көрме мақсаты Жартас суреттері арқылы ежелгі заман адамдарының өмір салтын, наным-сенімін, тұрмыс-тіршілігін таныстыру. Жартастарға салынған бейнелерді тарихи дереккөз ретінде танып, оның археологиялық және мәдени маңызын түсіндіру. 

 

Жартас суреттері – адамзат өркениетінің ең ерте кезеңінен жеткен мәдени және тарихи мұра. Бұл бейнелер бір жағынан көне дәуір суретшілерінің эстетикалық көзқарасын танытса, екінші жағынан ежелгі адамдардың когнитивтік қабілеттері мен дүниетанымын, тұрмыс-тіршілігін және наным-сенім жүйесін көрсететін маңызды тарихи дереккөз болып табылады.

Жартас суреттері жазу пайда болмай тұрған кезеңде, тіпті жазумен қатар қолданыста болған ақпарат алмасу құралы болды. Яғни ежелгі адамдар өз ойы мен тәжірибесін, сенімін тас бетіне бейнелеу арқылы жеткізген.

 

Жетісу өңіріндегі Тамғалы, Ешкіөлмес, Баянжүрек секілді белгілі археологиялық кешендермен қатар Қыземшек, Қаракүнгей, Кетпентау және басқа да ескерткіштерден мыңдаған жылдар бұрынғы тұрғындардың өмір салтын бейнелейтін петроглифтер анықталды. 

 

Қазіргі таңда жартас бетіне салынған суреттердің мазмұнын, олардың астарында жасырылған коммуникативтік әрі ақпараттық деректердің құпия кодтарын ашу ғылымда күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Біз бұл туындылардағы композициялық құрылымдар мен символдардың семантикалық мағынасын терең түсінуге ұмтылғанымызбен, көбінесе тек жалпылама тұжырымдармен шектелеміз. 

Осыған байланысты, ежелгі мәдени мұраларды жан-жақты зерттеу мен зерделеу келешекте де өзектілігін жоймайды деген ойдамыз. Сол себепті ежелден жеткен осы рухани-мәдени мұраны болашақ ұрпаққа түсіндірудің бір жолы адамдар көп шоғырланатын, демалыс күндерін өткізетін орындарға көрмелерді ораналастыру.

Көрме экспозициясында әр жылдары Жетісу жерінен  (Кетпен жотасы, Құрайлы, Қыземшек және т.б тауларынан) жаңа ашылған жартас суреттерінің фотолары мен эстампаждары хронологиялық тәртіппен орналастырылды. Қола дәуірі мен орта ғасыр аралығын қамтыған бұл жартас суреттерінде аңшылық көріністері, салттық билер, тұрмыстық құралдар, жануарлар мен түрлі таңбалар, абстрактілі символдар, ту ұстаған салт аттылар, түйекештер, керуеншілер бейнеленген.  

 

Сонымен қатар, көрменің тартымдылығы мен ақпараттылығын қамтамасыз ететін арнайы заманауи көркем интерпретация және музейлік ақпараттар цифрлық форматта –  QR-кодтар арқылы  үш тілде ұсынылды.

Көрмені Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында Ташкент тракті, 17К мекенжайында орналасқан Aport Mall West сауда-ойын-сауық орталығынан тамашалай алады.

 

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы тарихи мұрамызды ұлықтауға және мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттауға көрсеткен қолдауы мен үлесі үшін Aport Mall басшылығы мен ұжымына ерекше алғысын білдіреді.

 

Әсел АМАРГАЗИЕВА,

 «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының

аға ғылыми қызметкері,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:09

18:06

17:53

17:30

16:50

16:40

16:35

16:31

15:50

15:45

13:17

12:16

12:14

11:39

11:29

10:37

10:15

10:09

10:05

00:29

23:30

18:59

18:00

17:41

17:27