AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі проблемалы нысандарды қатаң бақылауын...

Алматы әкімі проблемалы нысандарды қатаң бақылауына алды

Әлеумет 20.09.2025, 18:09 638 yakiya
Алматы әкімі проблемалы нысандарды қатаң бақылауына алды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындардан көптеген шағым түскен бірқатар проблемалық нысандарды аралап шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ол инженерлік желілер, жол инфрақұрылымы және қала тұрғындарының қауіпсіздігі мәселелері өз бақылауында екенін атап өтті.

Бостандық ауданындағы Ерменсай шағынауданында әкім нөсер жауыннан кейін бүлінген инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді талап етіп, аталған жұмыстарды желтоқсанға дейін толық аяқтауды және күн сайын сапасы мен мерзімін тексеруді тапсырды.

Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта құру барысында гранит плиталарын пайдалану кезінде заңбұзушылықтар мен даулы жайттар анықталды. Дархан Сатыбалды мердігерлерден түсініктеме беруді талап етіп, құрылыс заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Әкім бұл нысанның құқық қорғау органдарының қатысуымен жеке бақылауда болатынын ескертті.

Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде 16 қыркүйекте жол төсемі опырылып, 13 автокөлік зақымданды. Осыған байланысты әкім мерзімнің созылып кеткенін еске салып, мердігерге зардап шеккен тұрғындарға келтірілген шығынды өтеуді міндеттеді.

Дархан Сатыбалды барлық проблемалық нысан әкімдіктің ерекше бақылауында екенін атап өтті. «Жұмыс сапалы әрі уақытында орындалуға тиіс. Бақылау қатаң болады, мердігерлер толық жауап береді және тұрғындарға келген шығынды өтеуге міндетті», — деді қала әкімі.

Алматы әкімдігі инженерлік желілерді қайта жаңарту, төтенше жағдайдың салдарын жою және қалалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.

Еске салсақ, Алматы әкімі жол төсемінің шөгуі мен жиектасты ауыстыруға байланысты Әуезов және Медеу аудандарының әкімдеріне, сондай-ақ Экология басқармасының басшысына сөгіс жариялап, Бостандық ауданы әкімінің орынбасарын тиісті бақылау жүргізбегені үшін қызметінен босатқан болатын. Асфальттың опырылуы мен гранит плиталарын заңсыз пайдалануға қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды #проблема
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);