Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Травиата», «Гүл Алматы» және «Щелкунчик»: Көктөбе...

«Травиата», «Гүл Алматы» және «Щелкунчик»: Көктөбеде Қала күні қалай өтті?

Барлығы 21.09.2025, 20:35 431
«Травиата», «Гүл Алматы» және «Щелкунчик»: Көктөбеде Қала күні қалай өтті?
Алматы әкімдігі

Қала күніне орай «Көктөбе» шыңында халықаралық фестиваль – «Көктөбе Опера – 2025» өтті. Бүкіл концерт халық артисі, маэстро Александр Беляковтың жетекшілігіндегі AlJazz Symphony эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өрбіді.

Бағдарлама Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан «Мереке биімен» басталды. Оны «Салтанат» би ансамблі мен хор орындады. Сондай-ақ, La Bella квартеті халық әні «Гүлдерайымды» орындады, ал Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Нұрғалым Аманбай Бизенің операсынан Смиттің серенадосын орындады.

Көрермендер Сұлужан Елубаеваның пан-флейтада Джеймс Ласттың «Жалғыз бақташы» шығармасын орындауын ерекше ықыласпен қабылдады. «Астана Опера» театрының солисі Расул Жармағамбетов Россинидің «Севильдік шаштараз» операсындағы Фигароның каватинасын ұсынды. Қазақстанның халық артисі Жәмила Баспақова Ардитидің нәзік те әсерлі «Il Bacio» әнін орындаса, Абай атындағы театрдың солисі Балуан Беркенов Пуччинидің «Тоска» операсынан Каварадосси ариясын шырқады.

Әлемдік сахналарды бағындырған испандық тенор Энрике Феррер кештің көрігін қыздырды. Ол «Гранада» шығармасы мен Пуччинидің «Тұрандот» операсынан Калаф ариясын орындады. Әлемге әйгілі Con te partiro дуэтін Энрике Феррер опера дивасы Зарина Алтынбаевамен бірге шырқады.

Жапон балеринасы Ариса Хасимото мен Абай атындағы ҚазҰОБТ жетекші солисі Рүстем Имangalиев Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен әсерлі адажио билеп, кешке көркін кіргізді.

Сонымен бірге Абай атындағы ҚазҰБОТ жетекші солисІ Оксана Давыденко Бизенің «Кармен» операсындағы хабанераны және «Гладиатор» фильмінен Now We Are Free композициясын орындап, көрермендерді баурап алды. Ал Il Canto квартеті Абай әндерінен попурри және «Памяти Карузо» шығармасын тарту етті.

Жамбыл атындағы филармонияның жетекші солистері — халықаралық байқаулардың лауреаты, виолончелист Мұса Керімбаев, скрипкашы Еркебұлан Сапарбаев және баяншы Ғалымжан Нарыңбетов өнер көрсетіп, әсерлі әуендерімен көрерменді тәнті етті.

Абай атындағы ҚазҰБОТ солистері Нұржан Бәжекенов пен Венера Алпысбаева Ллойд Уэббердің әйгілі «Опера елесі» мюзикліндегі дуэтті орындады.

«Құрмет» орденінің иегері, Абай атындағы ҚазҰОБТ жетекші солисі Зарина Алтынбаева Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан Лауретта ариясын және Лоу мюзиклінен «Менің әдемі ханымым» шығармасындағы Элиза әнін нақышына келтіре орындады.

Кештің шарықтау шегі Үкілі Ыбырайдың халық әні «Гәкку» және Вердидің «Травиата» операсынан әйгілі сахналық көрініс болды. Оны Жәмила Баспақова, Зарина Алтынбаева, Энрике Феррер, Балуан Беркенов, Венера Алпысбаева, Нұржан Бәжекенов және хор бірлесіп орындады.

Мереке Александр Зацепиннің «Гүл Алматы» әнімен аяқталды. Барлық артистер сахнаға шығып, оркестр сүйемелдеуімен бұл әнді соншалықты шабытпен орындады, көрермендер тік тұрып, ұзақ қол соқты. Кеш соңында «Гүл Алматыны» бүкіл зал қайтадан қосыла шырқағанда бұл ән нағыз мерекелік әнұранға, қалаға деген махаббаттың нышанына айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көктөбе #опера #Қала күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа әскери нысандар бой көтеруде

Бүгін 14:55

Мысырға баруға болады

Бүгін 14:30

Дархан Сатыбалды Алматы жолдарындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Бүгін 14:20

Әбиба Әбужақынова германиялық брендтің амбассадоры болды

Бүгін 14:15

Италия музейінен құнды картиналар ұрланды

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика