конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы – заманауи көлік жүйесі мен экологиялық тра...

Алматы – заманауи көлік жүйесі мен экологиялық трансформацияның орталығы

Барлығы 21.09.2025, 11:46 902 Сұлу
Алматы – заманауи көлік жүйесі мен экологиялық трансформацияның орталығы
Элеонора Якия

Алматы қаласы көлік жүйесін дамыту мен экологиялық ахуалды жақсартуда жаңа белеске қадам басты. Бұл туралы Қала күні мерекесінде мегаполис басшысы Дархан Сатыбалды мәлім етті. Ол қала тұрғындарын меркесімен құттықтап, шаһардың инфрақұрылымдық дамуындағы басым бағыттарын атап көрсетті. 

“Алдағы жылдары Алматыда халықаралық стандарттарға сай заманауи әрі интеграцияланған көлік жүйесі қалыптасатын болады. Бұл жолаушылар үшін қолайлы, қауіпсіз әрі экологиялық таза шешім болмақ. Қазірдің өзінде ұзындығы 100 шақырымнан астам BRT желісін дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оның нәтижесінде қоғамдық көліктегі жолаушы тасымалы екі еседен астам артып, қозғалыс жылдамдығы 15%-ға өседі. Сонымен қатар, LRT желілерінің құрылысы басталып, метроның 20 км-ден астам жаңа тармағы жүргізіледі”, — деді қала әкімі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, экологиялық трансформация Алматының басты басымдықтарының бірі болып қалады. Қалада төмен эмиссиялық аймақтар енгізіліп, ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 толықтай табиғи газға көшіріледі.

“Қазақстандағы алғашқы тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыты Алматыда салынады. Зауыт тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықты қайта өңдеп, жылына 60 мВт электр энергиясын өндіреді. Мұның бәрі 2028 жылға қарай Алматыдағы ауа сапасын екі есеге жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл – мегаполистің басты міндеттерінің бірі – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жасалған нақты қадам”, — деді шаһар басшысы.

Алматы әкімдігі көлік инфрақұрылымын дамытып, экологияны жақсарту және тұрақты дамуға негізделген қала моделін қалыптастыру шаһардың басым даму бағыты болып қалатынын баса белгіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көлік #транспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Бүгін 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Бүгін 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);