Ресей билігі стендап-комик Нұрлан Сабыровтың елге кіруіне 50 жылға тыйым салғанын мәлімдеді. Бұл шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.
РИА Новости Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге 50 жыл мерзімге тыйым салынғанын жазды. Ақпаратқа сәйкес, шешім ұлттық қауіпсіздік және заңнама талаптарын сақтау мақсатында қабылданған. Дереккөздің айтуынша, әртіс Ресейде тапқан табысын делдалдар арқылы заңдастыруға тырысқан.
Сонымен қатар бірқатар БАҚ Сабыровтың Ресей аумағында жалпы құны 60 млн рубльден асатын жылжымайтын және өзге де мүлкі бар екенін хабарлайды. Қазірге дейін комиктің өзі немесе өкілдері бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.