AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы ЖИ-ды таңдады: 2026 жыл Цифрландыру жылы бо...

Алматы ЖИ-ды таңдады: 2026 жыл Цифрландыру жылы болып жарияланды

Барлығы 06.02.2026, 11:58 295
Алматы ЖИ-ды таңдады: 2026 жыл Цифрландыру жылы болып жарияланды
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Мемлекет басшысының тапсырмасы мен 2025 жылғы желтоқсанда бекітілген стратегиялық құжаттарға сәйкес, Алматыда цифрландыруды дамыту мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. 2026 жыл ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланып, бұл елдің технологиялық тұрғыда жаңғырып, орнықты әрі тұрғындар үшін қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағытын айқындайды.

Алматының цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсековтің айтуынша, 2026–2030 жылға арналған Smart City Алматы даму стратегиясы мен әкімдіктің Цифрлық трансформация картасында негізгі басымдық бекітілген. Бұл құжаттар көлік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, қоғамдық қауіпсіздік пен экологияны, денсаулық сақтау мен білім беруді, мәдениет пен туризмді, инновациялық экономика мен электрондық сервисті дамытуды қамтыған.

Интеллектуалды көлік жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Цифрландыру басқармасының мәліметінше, Алматының Көлік холдингі қоғамдық көліктің қозғалысын диспетчерлеу мен бақылауды қамтамасыз етеді: автобустар бейнекамерамен, GPS-трекермен жабдықталған. ONAY қосымшасы арқылы бірыңғай электрондық төлем жүйесі жұмыс істейді.

Алдағы уақытта банк карталары арқылы, сондай-ақ Apple Pay мен Samsung Pay сервистері арқылы жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін төлемнің балама тәсілін іске қосу жоспарланып отыр.

2026–2027 жылы қаладағы 1 188 аялдамаға электрондық таблолар орнатылады. Интеллектуалды көлік жүйесі де енгізіліп, кейін ол қаланың Цифрлық сыңарымен біріктіріледі. Бұл көлік ағынын уақытылы талдауға, жүктемені болжап, жолдағы жағдайды жедел басқаруға мүмкіндік бермек.

Жүргізушісіз көлік бағдарламасының пилоттық түрінің іске қосылуы ең ауқымды жобаның бірі болды. Yandex Kazakhstan компаниясымен бірлесіп, биылғы 1 мамырға дейін қаланың жолдарына жүргізушісі жоқ 50 автокөлікті шығару жоспарланып отыр.

Мейрам Дүйсековтің айтуынша, мұндай шешімдерді енгізу қаланың инновациялық экожүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам болып, Алматының технологиялық тартымдылығын арттыра түспекші.

Аталған бастамаларды жүзеге асыру тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ақылды, қауіпсіз және технологиялық тұрғыдан дамыған қаланы қалыптастыруды көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы қаласы өңірлік коммуникация #жи #әлеуметтік қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика