Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "Никольский" базары аумағындағы мүлікті з...

Алматыда "Никольский" базары аумағындағы мүлікті заңсыз рәсімдегендер сотталды

Барлығы 06.02.2026, 10:32 237
Алматыда "Никольский" базары аумағындағы мүлікті заңсыз рәсімдегендер сотталды
сурет: Болат Айтмолда

Алматыда мемлекет пайдасына тәркіленуге тиіс мүлікке қатысты тыйымды ақпараттық жүйе арқылы заңсыз алып тастап, жылжымайтын мүлікті бөтен адамдардың атына қайта рәсімдеуді ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, іс Коспаевтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аясында қаралған. Бұған дейін бұл топтың «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және өзге де кәсіпорындарды рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша әшкереленгені хабарланған.

Сот шешімімен тәркілеу мақсатында Алматыдағы «Никольский» базары аумағында орналасқан «Nikolsky Investment» ЖШС-ге тиесілі жер телімі мен мүлкіне тыйым салынған. Алайда 2025 жылдың қыркүйегінде Аслан Пухаев, Антон Соловьёв және Жақсылық Сәрсенбаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесіне жалған мәлімет енгізу арқылы бұл тыйымды заңсыз алып тастауды ұйымдастырған.

Кейін жалпы құны 2,2 млрд теңгеге бағаланған мүлік пен жер телімі әрі қарай сату үшін жалған тұлғалардың атына қайта рәсімделген.

Сот үкімімен айыптылар 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген. Мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

ҚМА мемлекеттік ақпараттық жүйелерге заңсыз араласу және соған байланысты құқыққа қайшы әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығын ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #Алматы #Базар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Кеше 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика