AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы жылу мен электр желісін цифрландыра бастады

Алматы жылу мен электр желісін цифрландыра бастады

Барлығы 06.02.2026, 12:02 201
Алматы жылу мен электр желісін цифрландыра бастады
Сурет: ашық дереккөз

Алматы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында күнделікті өмірге қажетті инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғыртып жатыр. Алматының цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласындағы негізгі жобалар мен қаланың Цифрлық сыңары қалай құрылып жатқанын баяндап берді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру басым бағыттың бірі болып қалған. Қалада жылу желісін цифрландыру, SCADA жүйесі мен есепке алу үшін IoT құрылғысын енгізу жобасы қолға алынды. Болашақта бұл ТКШ саласын Алматының бірыңғай Цифрлық сыңарына біріктіруге сеп болады.

Қазірдің өзінде жүзеге асқан шешімдер мыналар:
•    АлТС базасындағы «Цифрлық жылу желілері» жобасы;
•    электр желілерін басқаруға арналған SCADA платформасы;
•    iAlma геопорталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету;
•    АЛСЕКО Бірыңғай есеп айырысу орталығы арқылы орталықтандырылған қаржылық есеп;
•    инженерлік желілерді түгендеу мен цифрландыру жобасының әзірленуі бар.

2026–2027 жылы осы заманғы технологияларға көшу жоспарланып отыр. Негізгі міндет — коммуналдық желілердегі есепке алу құралдарын кезең-кезеңімен IoT құрылғыларына ауыстыру. Бұл деректерді автоматты түрде жинап, есептеу жағын барынша ашық етуге мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар, мына көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр:
•    SCADA және EMS жүйелерімен жабдықталған нысандардың үлесін 60%-ға дейін жеткізу;
•    бақылау құралдарын жаңғыртып, «ақылды» құрылғыларға көшу;
•    коммуникациялардың 50%-ын цифрландыру;
•    магистральдық желілерде цифрлық IoT есепке алу құралдарының үлесін 20%-ға жеткізу.

Мейрам Дүйсековтің айтуынша, бұл бастамалар коммуналдық инфрақұрылымды басқарудың тиімділігін арттырып, ресурстың жоғалуын азайтып, апаттық жағдайларда жедел әрекет етуге жағдай жасайды.

Қалалық деректерді біріктірудің негізі ретінде Алматының Цифрлық егізін құру көзделген. Жобаның серіктесі ретінде Шэньчжэнь қаласындағы жетекші компания — SUTPC таңдалды. Жоба қазақстандық «Qala AI» компаниясымен бірлесіп, гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге аспақ.  
 
Жас Қанат шағынауданы осыған орай пилоттық аумақ ретінде белгіленді. 2026 жылғы қаңтардан 2027 жылғы наурызға дейін мұнда инженерлік желілерді түгендеу мен толық цифрландыру жоспарланған. Жүйені толық интеграциялау мен енгізу жағы келер жылға межеленіп отыр.

Қалалық ортаны бақылаудың инновациялық әдістері де енгізіле бастады. Алматыда алғаш рет жер бауырлап ұшатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылып жатыр. Жобаны Shenzhen Smart City Group пен «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырады.

Алмалы ауданында — Назарбаев, Абай, Розыбакиев пен Райымбек көшесінің аралығында көше жарығы мен тазалық сапасын бақылауға арналған сынақ аймағы құрылды. Сонымен қатар, Бөкейханов пен Рысқұлов көшесінің ауданында, сондай-ақ Алатау ауданындағы Өжет шағынауданында экологиялық бақылауға арналған сынақ аймақтары ұйымдастырылды.

Мейрам Дүйсеков атап өткендей, ТКШ және қалалық инфрақұрылым саласында цифрлық технологияларды енгізу басқару тиімділігін арттырып, процестің ашықтығын қамтамасыз етіп, алматылықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылу мен электр #цифрландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Алматы жастары «Тазару күніне» орай концерт пен флешмоб өткізді

Бүгін 17:12

«AMANAT» партиясы жаңа Конституциядағы экологиялық құндылықтарды жүзеге асыруда

Бүгін 17:05

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика