AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа жылдық шыршалар қашан жиналады?

Алматыда жаңа жылдық шыршалар қашан жиналады?

Әлеумет 06.02.2026, 14:39 351 dulatbekova
Алматыда жаңа жылдық шыршалар қашан жиналады?
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Биыл Алматыдағы қыс жылдағыға қарағанда жайлы өтіп жатыр. Қар да әдеттегідей қалың түскен жоқ. Қаңтар айында жауған қардың өзі бұл күндері еріп, көшелерде сирек ағараңдаған іздері ғана байқалады. Көктемнің келуіне де бір айдан аз қалды.

Осыған байланысты редакциямызға қала тұрғындарынан Жаңа жыл мерекесі қарсаңында орнатылған шыршаларға қатысты сұрақтар келіп түсе бастады. Тұрғындардың айтуынша, шамамен бір жарым ай бұрын қойылған шыршаларды жинайтын уақыт әлдеқашан жеткен.


Бұл мәселеге қатысты нақты ақпарат алу мақсатында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысымен байланысқа шықтық. Ведомство өкілі бұл сауалымызға қысқаша жауап берді.

"Қаланың басты орындары мен алаңдарында қойылған шыршаларды жинау жұмыстары басталып кетті. Қазір олар кезең-кезеңімен алынып жатыр. Апта басында тиісті тапсырма берілді", - деді ол.

Ал шыршаларды толық жинау жұмыстары қанша уақытқа созылады деген сауалымызға:

"Жинау жұмыстары әдетте бірнеше күнге созылады. Сондықтан нақты мерзімі белгіленбеген. Көбіне басталған соң 7-10 күннің ішінде аяқталады", - деп түсіндірді тиісті орган өкілі.

Айта кетейік, Республика сарайы алдындағы Абай алаңында орналасқан Алматының басты шыршасы 2025 жылдың 18 желтоқсанында жағылған болатын. Қазір бұл шырша да әлі толық жиналып үлгермеген.

Қала тұрғыны жолдаған сурет

Қала тұрғындары мерекелік безендірулердің қашан толық алынатынын күтіп отыр. Ал жауапты мекемелердің мәліметінше, барлық шырша мен безендіру элементі жақын күндері кезең-кезеңімен жиналып, қаланың қоғамдық кеңістіктері қалыпты күйге келтіріледі.

Қаладағы барлық сегіз ауданында жаңа жылдық шыршалар орнатылған. Олардың мекенжайлары:

  • Жетісу ауданы – «Гүлдер» саябағы (Серіков көшесі, 2А);
  • Бостандық ауданы – «Атакент» КІЫО;
  • Әуезов ауданы – «Family Park»;
  • Медеу ауданы – «28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ»;
  • Алатау ауданы – «Алматы Арена» спорт кешені;
  • Наурызбай ауданы – Шұғыла шағынауданы, 347 (амфитеатр);
  • Түрксіб ауданы – №6 Оқушылар үйі (Сейфуллин көшесі, 13/1);
  • Алмалы ауданы – Абай атындағы опера және балет театры алаңы.
 
 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шырша #жинау уақыты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Кеше 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Кеше 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Кеше 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Кеше 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);