AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Семейде көлік қағып кеткен жаяу жүргіншіге ереже б...

Семейде көлік қағып кеткен жаяу жүргіншіге ереже бұзғаны үшін айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 06.02.2026, 15:03 632
Семейде көлік қағып кеткен жаяу жүргіншіге ереже бұзғаны үшін айыппұл салынды
Сурет: Polisia.kz

Семейде жол-көлік оқиғасына түскен әйел белгіленбеген жерден өткендіктен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 ақпанда сағат 18:30 шамасында Семей қаласындағы Би-Боранбай көшесінде болған. 20 жастағы жүргізуші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйелді қағып кеткен.

Оқиға орнына патрульдік полиция жедел жетті. 34 жастағы қала тұрғынын медицина қызметкерлері қарап, кейін үйіне жіберген.

Ведомство тексеру қорытындысы бойынша, жолдан өту қағидаларын бұзғаны үшін жаяу жүргіншіге әкімшілік айыппұл салынғанын (әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын) мәлімдеді. Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырып, асығыстықтың ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #заң #Жаяу жүргінші #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58

Әлеуметтік жарна уақытылы аударылмаса, қайда шағымдану керек?

Бүгін 14:10

Жер бетінде Kp5+ деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді

Бүгін 12:24

Дархан Сатыбалды полиорталықтарды дамыту жобасын пысықтауды тапсырды

Бүгін 11:44

Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);