AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Астанада ер адам анасын өлтіріп, қылмысын жасыру ү...

Астанада ер адам анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін жедел жәрдем шақырған

Оқиға 06.02.2026, 14:31 573
Астанада ер адам анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін жедел жәрдем шақырған
Алматы әкімдігі

Астанада 55 жастағы ер адам төсекке таңылған қарт анасын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін жедел жәрдем шақырғаны анықталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылғы 3 шілдеде болған. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам анасының мойнын қысып, тұншықтырған. Кейін «анасын сүлгіге асылып қалды» деп түсіндіріп, жедел жәрдем шақырғаны айтылады.

Оқиға орнына келген медицина қызметкері әйелдің көз жұмғанын анықтап, беті мен мойнынан көгерген іздерді байқаған. Сараптама қорытындысы өлімнің негізгі себебі тұншығу екенін көрсеткен, сондай-ақ денесінде бірнеше жарақат тіркелген.

Сот ер адамның кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келіп, оны ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жаза орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #астана #адам өлтіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көгалдандыру және абаттандыруға арналған халықаралық конференция өтуде

Бүгін 19:19

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қытайға жұмыс сапарымен барды

Бүгін 18:45

Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

Бүгін 18:11

Алматыда кәсіпкерлерге арналған цифрлық және AI құралдары бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылады

Бүгін 17:44

Жүрекке жылу сыйлаған күн

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);