AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанда шетелдік әртістердің гастроліне жаңа т...

Қазақстанда шетелдік әртістердің гастроліне жаңа талап қойылады

Мұны білген жөн 06.02.2026, 14:21 193
Қазақстанда шетелдік әртістердің гастроліне жаңа талап қойылады
Сурет: Almaty.tv

Қазақстанда шетелдік әншілердің гастрольдік сапарларын ұйымдастыру тәртібі өзгереді: енді концерт өткізу алдымен келісімшарт жасаудан басталып, мемлекеттік органдар орындалатын әндердің мазмұнына да назар аударады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтің айтуынша, бұған дейін кейбір ұйымдастырушылар шетелдік әртіс белгілі бір қалаға келетінін хабарлап, алаңды алдын ала келісімшартсыз-ақ тауып, билет сатуды бастап кететін. Ал келісімшарт кейінірек бекітіліп, әкімдік және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс тек содан соң жүргізілген. Соның салдарынан әкімдіктер мен министрлік концерт туралы кейде әлеуметтік желіден ғана біліп отырған.

Кочетов мұндай тәжірибе халықаралық стандартқа сай емес екенін айтып, жаңа механизм енгізілетінін мәлімдеді. Енді гастрольдік тур аясында қалада концерт жоспарланған сәттен бастап, ең алдымен, келісімшарт жасалып, әкімдікпен келісу жұмысы басталмақ. Вице-министрдің сөзінше, келісімшартта шетелдік әртіске қойылатын міндетті талаптар көрсетіледі. Негізгі талаптардың бірі – орындалатын ән мәтіндерінің мазмұны: олар елдің ұлттық құрылымына нұқсан келтірмеуі, порнографияны немесе есірткіні насихаттамауы тиіс.

Егер ән мәтіндерінен заңға қайшы контент анықталмаса, әртіс Қазақстанда өнер көрсетуге құқылы. Ал тыйым салынған тақырыптар кездессе, мемлекеттік органдар оларды орындамау жөнінде ұсыныс береді, қажет болған жағдайда концертті өткізуге тыйым салу немесе уақытша тоқтату мәселесі қарастырылады.

Айта кетейік, Сенат креативті индустрияларды қолдау және дамытуға қатысты заңды мақұлдады. Соған сәйкес, шетелдік әртістер қатысатын концерттер мен мәдени іс-шаралар кемінде 30 жұмыс күні бұрын алдын ала келісуден өтуі керек. Келісу тәртібін арнайы уәкілетті орган белгілейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт #гастроль #заң #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Алматы жастары «Тазару күніне» орай концерт пен флешмоб өткізді

Бүгін 17:12

«AMANAT» партиясы жаңа Конституциядағы экологиялық құндылықтарды жүзеге асыруда

Бүгін 17:05

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика