AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қалалық ортаны цифрлық бақылауды кеңейтпек

Алматы қалалық ортаны цифрлық бақылауды кеңейтпек

Барлығы 06.02.2026, 12:11 207
Алматы қалалық ортаны цифрлық бақылауды кеңейтпек
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда цифрлық инфрақұрылымды дамыту жағы экология мен қоғамдық қауіпсіздік саласын да қамти бастады. Алматы қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы жұмыстың негізгі бағытын баяндады.

Экология: ауа датчиктері, ҚТҚ мен су ресурстарын бақылау

Экологиялық бағытта үш басым сала айқындалған: экологиялық бақылау, қалдықтарды «ақылды» басқару мен су ресурстарын басқару.

Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинайтын орындарды 730 камераны біріктірген Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі арқылы бақылап отырады. Сонымен қатар, қалдықтарды шығаратын бағытарды GPS арқылы қадағалау да қолға алынып, қазір ол 65%-ды қамтып отыр.

Ауа сапасын бақылау саласында 296 датчиктен тұратын желі жұмыс істейді. Оның ішінде 200 датчикті былтыр Almaty Air Initiative қоры орнатып берді. Бұл аудандағы ауаның жай-күйін неғұрлым нақты бағалауға мүмкіндік берді.

Жоспардағы қосымша іс-шаралар:
•    су қорғау аймақтарын Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі арқылы бақылауды күшейту;
•    экологиялық бақылау мақсатында дрондардың бірыңғай инфрақұрылымын құру;
•    ҚТҚ шығаратын бағыттарды бақылау деңгейін 80%-ға дейін жеткізу.

Мейрам Дүйсековтің айтуынша, цифрлық құралдарды енгізу жұмыс барысын барынша ашық етіп, жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, табиғатты қорғау жұмысын неғұрлым тиімді ете түспекші. 

Қауіпсіздік: бейнемониторингті кеңейту және «112» орталығын іске қосу

Қалада жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйелері, оқиғаны автоматты түрде тану технологиясы мен цифрлық хабарландыру тетіктері кеңінен қолданыла бастады.

Қазіргі таңда барлық мектептер, балабақшалар мен денсаулық сақтау нысандары қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.

2023 жылы қалада 18 мың камера жұмыс істесе, қазір оның саны 65 мыңға жеткен. Яғни, бірте-бірте саны да, жұмыстың сапасы да өсіп келе жатыр.

Жол қауіпсіздігі бағытында жол қозғалысы мен жол ережесінің сақталуын бақылауға арналған 1 641 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған. 
Биылғы 1 наурызға дейін тағы 350 «Сергек» кешені орнатылмақ.

2026–2027 жылы мынадай іс-шаралар көзделген:
•    жекеменшік камераларды Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне қосу;
•    2026 жылдың өзінде камераның жалпы санын 100 мыңға дейін жеткізу;
•    бейнеаналитиканың қосымша түрін енгізу;
•    2026 жылғы 1 қарашаға дейін «112» бірыңғай жедел басқару орталығын құру.

Сонымен қатар, қар көшкінін бақылау мен төтенше жағдайды ерте хабарлау бойынша MassAlert жүйесі жұмыс істейді.

Мейрам Дүйсеков атап өткендей, экология мен қауіпсіздік саласында цифрлық шешімдерді дамыту неғұрлым орнықты, қорғалған және технологиялық жағынан жабдықталған қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#цифрлық бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Алматы жастары «Тазару күніне» орай концерт пен флешмоб өткізді

Бүгін 17:12

«AMANAT» партиясы жаңа Конституциядағы экологиялық құндылықтарды жүзеге асыруда

Бүгін 17:05

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика