AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатын қайда және...

XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатын қайда және қашан көруге болады?

Спорт 06.02.2026, 15:26 777
XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатын қайда және қашан көруге болады?
сурет: QR Turizm jäne sport ministrlıgı

Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында XXV қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Астана уақытымен ашылу салтанаты 23:55-те басталып, Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Ұлттық құрамалар шеруі кезінде Қазақстанның мемлекеттік туын Денис Никиша (шорт-трек) және Аяулым Амренова (фристайл-могул) алып шығады. Айта кетейік, ашылу рәсімі бір мезетте төрт локацияда ұйымдастырылады: Денис Миланда болса, Аяулым Ливиньодағы (шаңғы жарыстары өтетін алаң) шараға қатысады. Салтанатты кештің атауы - Armonia («гармония»).

Биыл Олимпиада алауы алғаш рет екі жерде жағылады: Миландағы Триумф аркасында және Кортина-д’Ампеццодағы Piazza Di-bona алаңында.

Милан–Кортина Олимпиадасында Қазақстан атынан 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) 10 дисциплинада бақ сынайды. Жалпы, ойындарға 93 елден шамамен 3000 атлет қатысып, 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиада 22 ақпанда аяқталады. Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстардың барлығы аталған 4 арнадан тікелей эфирде көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Даму» қорының өңірлік желісі базасында «Бәйтерек» холдингінің Кәсіпкерлерді қолдау бірыңғай фронт-офисі жұмысын бастады

Бүгін 17:30

Алматыда қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымы кеңейіп келеді

Бүгін 16:55

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

Бүгін 16:45

Аңызға айналған «Ақиқат» журналына – 105 жыл

Бүгін 16:39

Еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында ашық есік күні өтеді

Бүгін 16:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);