AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырау облысында мектеп оқушысы балтамен сыныптасы...

Атырау облысында мектеп оқушысы балтамен сыныптасын қуған: полиция не дейді?

Оқиға 06.02.2026, 11:43 383 Дина
Атырау облысында мектеп оқушысы балтамен сыныптасын қуған: полиция не дейді?
видеодан алынды

Әлеуметтік желіде мектеп дәлізінде қолына балта ұстаған оқушының жүгіріп жүрген видеосы тарады. Полиция бұл оқиға 5 ақпанда Атырау облысы Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Бейнежазбада балта ұстаған оқушы өзге бір оқушыны қуып жүргені, ал екінші оқушының сыныптардың біріне кіріп, есікті іштен бекіткені көрінеді. Атырау облыстық ПД дерегінше, 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, кейін мектеп аумағынан шығып кеткен.

Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Шақырту түскен бойда полиция қызметкерлері жедел жетіп, күдікті жасөспірімді анықтап, ұстаған. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша бұзақылық дерегімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының есебіне алынды. Материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды.

Сондай-ақ ата-анасына кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Қылмыстық іс аясында білім бөліміне қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілген. Тергеу қорытындысы бойынша білім ұйымының лауазымды тұлғалары мен оқу орнын күзеткен күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға берілетіні хабарланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балта #мектеп #полиция #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);