AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Кенелер қаптап барады. Демалушылар нені білу керек...

Кенелер қаптап барады. Демалушылар нені білу керек?

Мұны білген жөн 13.05.2025, 16:24 862
Кенелер қаптап барады. Демалушылар нені білу керек?
Сурет: depositphotos.com

Мамыр-маусым айларында табиғат аясына демалушылар көбейеді. Алайда, демаламын деп ем алуға жүгініп кетпеңіз. Себебі бұл уақыт қыстан шыққан кенелердің қаптайтын кезі. Жұрт арасында бұл жәндік туралы тараған дақпырт көп: бірі оны маймен тұншықтыру керек десе, енді бірі өзіңіз-ақ суырып тастасаңыз болады дейді. Ал шын мәнінде кене шақса не істеу керек? Осы сауалдарға Аqshamnews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Арай Зекеновадан жауап алды. 

Арай Зекенова

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы

Кене несімен қауіпті?

Кене энцефалиті –  кене шаққанда туындайтын, әртүрлі ағзалар мен жүйелерді, бірінші кезекте орталық жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталатын жіті инфекциялық, трансмиссивті, табиғи-ошақ ауруы. Ауыр түрде өткен жағдайда мүгедектікке алып келеді және паралич пайда болуы мүмкін.

Арай Зекенованың айтуынша бұл жұқпалы аурудың табиғи ошақтары Алматы қаласы және оның айналасы, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

"Кене энцефалитінің эпидемиологиялық маусымы сәуір айынан басталып, маусым айында кене белсенділігі барынша жоғары болып қыркүйекке дейін созылады. Сондай-ақ, еліміздің Шығыс Қазақстан өңірінде кене шағу жағдайлары жиі кездеседі" дейді бас сарапшы.

Қалай сақтанамыз?

Арай Зекенова табиғат аясында демалуды жоспарлап жүргендерге бірнеше сақтық шараларын атап берді. Ол табиғатқа шыққанда кенелердің кіруіне жол бермейтін тығыз киім киюді ұсынды.

"Табиғатқа шыққанда киіміңіздің жеңі ұзын болуы тиіс. Жейденің етегі шалбарға, ал шалбардың балағы шұлыққа және етікке салынуы қажет. Бас пен мойынды орамалмен, биік жағамен, капюшонмен немесе басқа да ыңғайлы киімммен жабу керек. Табиғат аясында болған уақыт ішінде киіміңіз бен денені жиі тексеріп отыру қажет" дейді ол.

Кене жабысса не істеу керек?

  • Мүмкіндік болса, кене жабысқанын байқаған сәтте дәрігерге барыңыз.
  • Дәрігер жоқ болса, кенені өзіңіз алып тастаңыз.
  •  Кенені қысқышпен немесе мықты жіппен ақырын қозғай отырып суырыңыз.
  • Тұмсығы теріде қалып қойса – оны шұңқыр сияқты алып тастаңыз.
  • Шаққан жерді залалсыздандырыңыз: жараны йодпен сүртіңіз, қолды мұқият жуыңыз
  • Кене шаққан соң 72 сағат ішінде дәрігерге барып, иммуноглобулин екпесін алыңыз.

Дәрігерден кеңес

Бас сарапшы жоғарыда айтылған кеңестерді кез келген адам қаперде ұстап, ұсынған шараларды нақты қабылдаса, энцефалиттің алдын алуға болатынын айтты.

"Сақтық шараларын мұқият орындап, вакцинациялау және қорғану құралдарын қолдану арқылы кене энцефалиті ауруының алдын алуға болады. Кене шаққан адамдар шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет" дейді маман. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кене #қауіп #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);