AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Министр қанттың бағасына бақылауда ұстауға уәде бе...

Министр қанттың бағасына бақылауда ұстауға уәде берді

Әлеумет 13.05.2025, 17:28 1,064
Министр қанттың бағасына бақылауда ұстауға уәде берді
Сурет: Gov.kz

"Зауыттың өзінде қант 350 теңге тұрады".

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қанттың бағасына бақылауда ұстауға уәде беріп, алыпсатарларға ескерту жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Былтыр Қазақстанда қант қызылшасының рекордтық көлемі жиналған болатын. Соның арқасында қант өндіру көлемі өсті.

"Биыл біз 128 мың тонна қант өндірдік. Қазір 30-40 проценті сатылған шығар. Ал қалғаны қоймаларда жатыр, бәріне жетеді. Дегенмен бағаны бақылап отыру керек. Осы жайында сауда министрімен де сөйлестік. Бүгінде жұмыс тобы бар. Бағаны бақылауда ұстайтын боламыз", - деді Сапаров.

Оның айтуынша, бағаны алыпсатарлар көтереді. Ал зауыттың өзінен қанттың бір келісі 350-380 теңгеге сатылады.

"Менде статистика бар. Оған сәйкес, дүкендерде қант 400-420 теңгеден сатылады. Бұл – республика бойынша орташа бағаның көрсеткіші. Біз қанттың бағасын тағы қараймыз. Шекті баға бар, оған қосылатын үстеме бар. Оның мөлшері 15 проценттен аспауы қажет. Одан асып кетсе, сауда орындарына айыппұл салатын боламыз", - деді министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қант #баға #зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай таулы аумақтарды тазарту бойынша экологиялық акция өтті

Бүгін 17:37

Республика күніне зияткерлік сый: Алматы мектебінің 13 оқушысы SAT-тан жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 15:02

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Бүгін 13:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бүгін 12:35

Алматы қаласында үлкен мерекелік OPEN AIR концерті өтеді

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);