Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Нұрбол Назарбаевтың елден заңсыз шығарған активтер...

Нұрбол Назарбаевтың елден заңсыз шығарған активтері тексеріледі - Бас прокуратура

Заң мен тəртіп 24.10.2025, 17:17 416
Нұрбол Назарбаевтың елден заңсыз шығарған активтері тексеріледі - Бас прокуратура
Gov.kz

Бас прокуратура Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың елден заңсыз шығарған активтерін тексереді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы депутат Ринат Зайыттың депутаттық сауалына жауап берген Бас прокурор Берік Асылов мәлім етті.

Ринат Зайыт өз сауалында Нұрбол Назарбаевтан осы уақытқа дейін біраз актив қайтарылғанын айтқан еді.

"Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев сот шешімімен 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылып, мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен бірге, оған 925 миллион теңге айыппұл және 230,4 миллион теңге айыпақы салынды. Ең бастысы, оның барлық банк шоттары бұғатталып, компания кірісін және жеке мүлкін басқару құқығынан айырылды. Бұл әулеттің рейдерлік жолмен иеленген базарлары, сондай-ақ, Алматы қаласы мен облысында заңсыз алған жер телімдері туралы қоғамда түрлі деректер айтылып жүр. Әсіресе атышулы "Алтын орда" базарына қатысы жиі сөз болады.  Алайда аталған нысандардың жоғарыда тәркіленген активтердің қатарында бар-жоғы әзірге белгісіз. Себебі бұл мәселелердің нақты жайжапсары ашық түрде жарияланбаған", - деген Зайыт Бас прокурорға бірнеше сауал қойған еді.

Соның ішінде,  

  • Нұрбол Назарбаевтың иелігіндегі компаниялар мен активтерге түгендеме жүргізіп, оның заңдылығын анықтау, заңсыздарын мемлекет меншігіне қайтару;
  • Аталған қайтарылған заңсыз активтер және олардың пайдаланылуы бойынша толық ақпаратты жұртшылыққа қолжетімді ету;
  • "Алтын орда" базары және Алматы қаласы мен облысындағы заңсыз иеленген жер телімдері бойынша тергеуді бастау.

Бұл депутаттық сауалға жауап берген Берік Асылов жалпы, елге қайтарылған активтер туралы есеп берген.

"Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару мəселелері жөніндегі комиссияның (бұдан əрі - Комиссия) шешімі бойынша бүгінгі күні 1,3 трлн теңге көлемінде шаралар қабылданды. Заң субъектілерімен жасалған келісімдерге сəйкес мемлекет пайдасына ерікті түрде шамамен 750 млрд теңге қаражат аударылып, 103 млрд теңгеге мүлік заттай түрде тапсырылды. Қайтарылған қаражат есебінен 400-ден астам əлеуметтік нысанның құрылысы басталды, оның ішінде 220 сумен жабдықтау жəне коммуналдық инфрақұрылым нысаны, 177 медициналық мекеме, 14 білім беру жəне спорт нысандары бар. 68 нысанның құрылысы аяқталды (денсаулық сақтау саласында – 64, сумен жабдықтау – 3 жəне спорт – 1). Бұдан бөлек, Заң субъектілерімен жасалған келісімдер негізінде олар өз бетінше сəйкесінше 5,2 трлн теңгеге жəне 121 млрд теңгеге инвестициялық жəне əлеуметтік жобаларды іске асыруды бастады. Аталған жобалар ұлттық экономиканың орнықты дамуына жəне азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған", - деп жауап берген Асылов.

Оның сөзіне сенсек, Нұрбол Назарбаевтың активтері Қазақстанға күштеп қайтарылған 112 млрд теңгенің ішінде бар. Бірақ, нақты қай компаниялары екені құпия дейді Асылов.

"Сонымен бірге, 112 млрд теңгеге активтерді мемлекет пайдасына мəжбүрлі түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды. Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс нəтижелері заңмен қорғалатын құпияны сақтау талаптары ескеріле отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланып отырады. Заң шеңберіндегі жұмыспен Сіздің сауалыңызда көрсетілген тұлға да қамтылған. Дегенмен, Заңның 8-бабының 3-тармағына сəйкес активтерді қайтару жөніндегі уəкілетті орган жəне Комиссияның мүшелері алынған мəліметтердің сақталуын жəне құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Сіз көрсеткен ақпарат активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасау жəне оларды қайтару барысындағы жұмыста ескеріледі", - деп жауап берген Асылов маңызды мәселе көтерген Зайытқа алғыс айтқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрбол Назарбаев #бас прокуратура #тергеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика