AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҒАЛЫМДАР МЕГАПОЛИС АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН ЗЕРТТЕУДІ БА...

ҒАЛЫМДАР МЕГАПОЛИС АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН ЗЕРТТЕУДІ БАСТАДЫ

Білім және ғылым 07.08.2021, 13:23 1,991 Almaty-akshamy
ҒАЛЫМДАР МЕГАПОЛИС АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН ЗЕРТТЕУДІ БАСТАДЫ
сурет: Massaget.kz

Шетелдік және отандық ғалымдар бірлесіп Алматы ауасының ластану деңгейін анықтамақ.


Нархоз университетінің ғалымдары Хельсинки университетімен бірлесіп Алматы қаласы ауасының ластануын зерттеуді бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Нархоз университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл жобаны іске асыру үшін фин мамандары жаңадан 17 бақылап-зерттеу құрылғысын жасап шығарды. Олардың көмегімен ауа ластануының түрлі деңгейлерін анықтауға болады.


Құрылғылар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты "Қазгидромет" РМК ұйымына тапсырылды және стационарлық бекеттерге орналастырылуда. Осылайша мегаполис ауасының нақты ластану деңгейін анықтауға мүмкіндік туып отыр. Алынған ақпарат мобильді қосымша арқылы телефон бетінде бірден көрінетін болады. Жыл соңына дейін мәліметтер толық жинақталып, талдаудан өтеді. Зерттеу нәтижелері көпшілік үшін жарияланады.


Атмосфералық ауаның ластану мәселелерін шешуге бағытталған аталмыш жоба БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес жүргізілетінін атап өту керек.    



«Ауаның ластануы – бұл Алматы қаласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Біз финдік әріптестеріміздің атсалысуымен бұл мәселені шешуге тағы бір қадам жасайтын жобаны іске асыра аламыз. Ақпараттың датчиктен бірден мобильдік құрылғыға тікелей жіберілетіні өте ыңғайлы. Яғни үйінен шыққан әрбір адам өз жолындағы ластанған жерлерді айналып өтетіндей етіп өз бағыт-бағдарын реттей алады. Ал ғалымдар мен мамандар экологиялық мәселелерді шешуде неғұрлым нақты деректерді пайдалана алады», - деді Нархоз университетіне қарасты Тұрақты даму ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғылым докторы Брендан Дюпрей.



Нархоз университетінің мамандары «Қазгидромет» қызметкерлеріне датчикті дұрыс қолдануды үйретті. Содай-ақ, бұл жоба осыған дейін Алматы қаласы Экология департаментіне де таныстырылған болатын.



Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, бұл жоба экологиялық мәселелерді одан әрі зерттеуге, тиісті шешімдер қабылдауға, ғалымдардың, шағын кәсіпорындар мен қала мамандарының мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі. Қала тұрғындары да мобильді қосымшадағы мәліметті пайдалану арқылы қаланың ең лас аймақтарынан аулақ жүріп-тұруға, демалуға мүмкіндік алады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа #ластану #зерттеу #атмосфера #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Кеше 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Кеше 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Кеше 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Кеше 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Кеше 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);