Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда картоп пен сәбіз бағасы қымбаттамайды

Алматыда картоп пен сәбіз бағасы қымбаттамайды

Алматы 07.08.2021, 12:15 1,689
Алматыда картоп пен сәбіз бағасы қымбаттамайды
сурет: Turkystan.kz

Алматыда қыркүйек-мамыр аралығында картоп пен сәбіз қымбаттамайды. Бұл үшін 22 мың тонна көкөніске шарт жасалған.


Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге ақша бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқарма басшысының орынбасары Дамир Тазабек мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.


Ведомство өкілінің айтуынша, халық санының өсуіне байланысты өнім жетіспеушілігі болды. Сондай-ақ, бұған постпандемия кезінде логистиканың нашарлауы, кей елдің шекарасын жабуы және табиғи апаттар себеп.



«Азық-түлік бағасының қымбаттауы қазір барлық мемлекетте байқалып отыр десек болады. Бұл мәселе бойынша, Алматы қаласында бағаны тұрақтандыру қоры жұмыс жасап жатыр. Оған 10 млрд теңге көлемінде ақша бөлінген. Аталған қор барлық әлеуметтік маңызды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін оларды төмен бағада сатып алу мүмкіндігі жасалған», – деді Дамир Ақанғалиұлы.



Әрі қарай маман сәбіз бен картоп бағасының қымбаттауы мәселесіне тоқталды. Айтуынша, күзден бастап бұл көкөністердің бағасы үшін алаңдауға негіз жоқ.



«Бағдарлама аясында 22 мың тонна көкөністі форвардтық келісімшартпен сатып алдық. Бұл өнімдер 1 қыркүйектен 1 мамырға дейін төмендетілген бағамен сатылады. Magnum желісінде жыл соңына дейін 8 мың тонна, Toimart дүкендерінде 1 500 тонна өнім қарастырылған. Бұған қоса негізгі өндірушілерде де қосымша өнім сақталып тұр. Алматы қаласының тұрғындары үшін жеткілікті. Басқармамыз негізінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұрақтандыру саясатын жүргізеді. Жеңілдікпен несие беру, тікелей алып келген өнімдерді тікелей жәрмеңке арқылы сату сынды шараларды да ұйымдастырып отырамыз», – деді Дамир Тазабек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сәбіз #кортоп #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды

Бүгін 21:11

Қарағанды мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жоғары кітап оқу мәдениетін көрсетті

Бүгін 21:02

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика