Екібастұзда құрбысымен төбелескен бойжеткенге жаза тағайындалды

  • 17:04, 05 желтоқсан 2025
Екібастұзда құрбысымен төбелескен бойжеткенге жаза тағайындалды Сурет: Polisia.kz

Екібастұзда кафе ішінде болған жанжалдан кейін бойжеткендердің бірі түзету жұмыстарына жегілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мас күйдегі екі қыздың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

"Тексеру барысында келушілердің арасында жанжал шығып, ол өзара ұрып-соғуға ұласқаны анықталды. Қыздар бір-бірінің бетіне алақанмен үш реттен соққы беріп, шаштарынан тартқан. Оқиға өзге келушілердің көзінше болған, төбелесті мекеме қызметкерлері ажыратты", – деп хабарлады полиция.

Сот іс материалдарын қарап, жанжалға қатысушылардың бірін кінәлі деп таныды. Оған 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде түзету жұмыстары түріндегі жаза тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:36

17:20

17:17

17:04

16:57

16:39

16:19

16:02

15:50

15:38

15:28

15:16

15:11

15:06

14:57

14:46

14:29

14:15

14:11

14:02

12:23

12:11

12:01

11:51

11:44