Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігер темекінің өкпенің созылмалы обст...

Алматылық дәрігер темекінің өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдықтыратынын айтты

Медицина 05.12.2025, 11:51 368
Алматылық дәрігер темекінің өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдықтыратынын айтты
сурет: автордан

Еліміздегі ересек тұрғындардың шамамен 21–22%-ы шылым шегеді. Ерлер арасында бұл көрсеткіш – 38%, әйелдер арасында 6–10% шамасында. Ал 13–15 жастағы жасөспірімдердің 3%-ы тұрақты түрде темекі шегеді екен.

Біз темекінің өкпенің қатерлі ісігіне, инфаркт және инсультке шалдықтыратыны жайлы жиі естиміз. Бірақ тоқтаусыз дамитын өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОА) мән бере бермейміз. 

Шылымқорларлардың 90%-ға жуығы күн сайын орта есеппен 11–12 тал темекі шегеді. Бұл дерек темекі шегудің денсаулыққа төндіріп отырған үлкен қауіп екенін көрсетеді.

«Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы – бұл тыныс алу жүйесінің созылмалы қабынуы. Онда тыныс жолдары тарылып, өкпе тіні бұзылады. Ауру біртіндеп дамиды және ұзақ уақыт бойы байқалмауы мүмкін. Бұл кесел екі негізгі жағдайды қамтиды: созылмалы бронхит – қақырықты тұрақты жөтел және өкпе эмфиземасы, яғни альвеол қабырғаларының бұзылуы. Екі жағдай да тыныс алу қиындап, ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады», – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №2 терапия бөлімшесінің пульмонолог дәрігері Аида Жәділ.

Дәрігер ӨСОА-ның алғашқы белгілері байқалмауы мүмкін, бірақ төмендегілерге назар аудару қажет дейді.
– 3 айдан астам уақытқа созылатын созылмалы жөтел, әсіресе таңертеңгі;
– қақырықтың бөлінуі (көбіне түссіз, бірақ өршу кезінде сары немесе жасыл түске айналуы мүмкін);
– демігу физикалық күш түскенде (мысалы, баспалдақпен көтерілгенде).

Ауру асқынған сайын адамға тыныс алу тіпті тыныштықта да қиынға соғады.
ӨСОА-ны толық емдеу мүмкін емес. Бірақ темекіні тастау – аурудың дамуын баяулататын шешуші қадам; дәрі-дәрмек терапиясы ауру белгілерін бақылауда ұстауға көмектеседі; тыныс алу жаттығулары, дұрыс тамақтану және вакцинация (мысалы, тұмау мен пневмококкқа қарсы) өмір сапасын айтарлықтай жақсартады.

«Ауыр жағдайларда оттегі терапиясы немесе хирургиялық ем тағайындалады. ДСҰ дерегіне сүйенсек, ӨСОА – әлем бойынша өлім-жітім себептерінің ішінде үшінші орында. Науқастардың көбі диагнозды тым кеш біледі – өкпедегі өзгерістер қайтымсыз кезеңде анықталады. Дегенмен, темекіні кез келген кезеңде тастау аурудың болжамын едәуір жақсарта алады», – дейді пульмонолог Аида Жәділ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #темекі #өкпе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі