Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда бір донордың органы төрт адамның өмірі...

Қазақстанда бір донордың органы төрт адамның өмірін аман алып қалды

Медицина 05.12.2025, 11:44 279
Қазақстанда бір донордың органы төрт адамның өмірін аман алып қалды
сурет: ДСМ
Алматыда 4-клиникалық аурухананың базасында көп ағзалық донорлық процесс өтті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі ДСМ-ге сілтеме жасап.
 

Қазақстанда 1967 жылы туған ер адам қайтыс болғаннан кейін бірнеше ағзасы алынып, төрт пациентке трансплантатталды. Бұл туралы Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық хабарлады.

Дәрігерлер пациентке мидың өлімін тіркегеннен кейін, отбасының келісімі алынып, көп ағзалық алу операциясы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүрек, бауыр және екі бүйрек алынды.

Транспланттауды үйлестіру бригадаларының жедел жұмысының арқасында мынадай операциялар жасалды:

  • жүрек 1967 жылы туған пациентке қондырылды («Кардиология және ІА ҒЗИ» АҚ);

  • бауыр 1967 жылы туған науқасқа трансплантатталды («А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО»);

  • оң бүйрек 2006 жылы туған реципиентке,

  • сол бүйрек 1990 жылы туған пациентке салынды (екеуі де «А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО»-да).

Ресми дерекке сүйенсек, қазір ел бойынша күту парағында 4521 пациент, оның ішінде 106 бала бар. 2025 жылдың алғашқы 10 айында ғана ағза күтіп жүрген 272 адам көз жұмған. Бұл шамамен күн сайын бір адамның өмірі үзілді деген сөз.

Биылғы 12 айдың қорытындысы бойынша қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан бар болғаны 14 донорлық жағдай тіркеліп, соның нәтижесінде 60 өмірлік маңызды ағза трансплантатталған.

Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситқазинов әрбір мұндай жағдайдың маңызын атап өтті:

«Әрбір донорлық жағдай – бұл дәрігерлердің, үйлестірушілердің, зертханалардың, санавиацияның және бірнеше минут ішінде іске қосылатын барлық қызметтердің үлкен бірлескен жұмысының нәтижесі. Бірақ бастысы – донор отбасының шешімі. Олардың батылдығының арқасында бүгін өз мүмкіндігін жылдар бойы күткен адамдар өмір сүріп жатыр», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда ағзаға қажеттілік әлі де өте жоғары.

"Мыңдаған пациент трансплантаттауды күтіп отыр, ал біз күн сайын дерлік көмектесе алатын адамдардан айырылып жатырмыз. «Сондықтан әр құтқарылған пациент – жай ғана медициналық жеңіс емес, қайта оралған адам өмірі", – деді Айдар Ситқазинов. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #донор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі