Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Нәтижелер отандық спорттың дамуына және әлемдік спорт аренасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге кедергі келтіретін жүйелі жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін айғақтайды.
Тек соңғы 6 жылда спорт саласын қаржыландыру шамамен 1,4 триллион теңгені құраған. Атап айтқанда 2018 жылы – 165 млрд теңге, 2019 жылы – 204 млрд теңге, 2020 жылы – 177 млрд теңге, 2021 жылы – 223 млрд теңге, 2022 жылы – 296 млрд теңге, 2023 жылы – 340 млрд теңге бөлінген.
Бюджеттен ағымдағы және алдағы екі жылға тағы 1,3 триллион теңге бөлу жоспарланған.
Салыстырмалы түрде алатын болсақ, қазақстандық спортқа Канада, Норвегия, Нидерланды сияқты Орталық Азия және алыс шет елдердің бюджеттерінен бірнеше есе артық.
Сонымен қатар, Қазақстан Олимпиада ойындары бойынша медальдық есепте төменгі орындарда. Арсына бармай-ақ, кешегі Париж Олимпиадасының нәтижесі айтсақ та болады.
Жоғары нәтижеге қол жеткізуге сала ішіндегі жемқорлық, қаржыны тиімді пайдала алмау секілді әрекеттер кедергі келтіруде.
Басты кемшілік - отандық спортты дамытудың қолданыстағы саясаты отандық спортшыларды тиімді даярлауға бағытталмаған.
Шетелдік ойыншыларды натурализациялау арқылы қол жеткізілген қысқа мерзімді жетістіктерге назар аударылады, ал жеке спорттық кадрларды дамыту бойынша жүйелі жұмыс өз деңгейінде жүргізілмеген.
Қазақстан олимпиадалық спорт түрлеріне 126 шетелдікті сатып алған. Олардың әрқайсысы кейіннен өз еліне қайтқан.
Көбінесе өз таланттарын тәрбиелеудің орнына ақша басқа елдердің ойыншыларына жұмсалады. Бұл спортты қаржыландырудағы айқын теңгерімсіздікпен расталады.
Мәселен, Қазақстанның бұқаралық спортқа жұмсаған шығыстары жоғары жетістіктер спортына қарағанда 9 есе аз (35 млрд теңгеге қарсы 340 млрд теңге).
Спортта неғұрлым табысты шет елдерде жоғары жетістіктер спортының негізі болып табылатын бұқаралық спортты қолдауға басымдық беріледі.
Нидерландымен салыстырғанда Қазақстан жоғары жетістіктер спортына 3 есе көп, ал бұқаралық спортқа 7 есе аз жұмсайды.
Негізінен формальдылыққа басымдық беріліп келген. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілген бұқаралық спорт түрлерін дамыту көрсеткіштері формальды болып қала берген.
Мысалы, әкімдіктер жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шара, күніне орта есеппен 3 іс-шара өткізуі тиіс.
Спорттық ғимараттар мен нысандарда, сондай-ақ ашық жерлерде өткізілетін іс-шаралар осы іс-шараларда екі жүз және одан да көп көрерменнің бір мезгілде болуын болжайтынын ескере отырып, көрсеткіш анық көтерілген («Дене шынықтыру туралы» Заңның 1-бабының 40-1-тармағы).
Кедергілердің негізгісі бұлыңғырлық. Түсінікті болу үшін айтсақ, жоғары жетістіктер спортында басым спорт түрлерінің болмауына байланысты танымал емес және нәтижесіз спорт түрлері қаржыландырылады. 2023 жылы спорттың 31 түрінен бірде-бір медаль жоқ. 2024 жылы қаржыландырылатын бағыттардың саны 141 түрге дейін өскен.
Мәселен, жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан 44 түрді, қысқы спорт түрлері бойынша – 13 түрді дамытады. Жоғары жетістіктер спортының қаржыландырылатын бағыттарының шамамен 60%-ы Олимпиадалық емес бағыттарға жатады - 84 (141-ден). Жыл сайын бұл түрлерді дамытуға – 18 млрд теңге жұмсалады (2023 жылы олимпиадалық түрлерге – 296 млрд теңге, олимпиадалық емес түрлерге - 18, өзге шығыстарға - 11 млрд теңге).
Шетелде спорттың «нүктелік» бағыттарына басымдық беріледі (Ұлыбританияда жазғы Олимпиада ойындарының 19 түрі, Германияда – 18, Австралияда – 12).