конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мұра мен шығармашылықтың әлемі: Алматыда Сапарғали...

Мұра мен шығармашылықтың әлемі: Алматыда Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай республикалық дөңгелек үстел өтті

Барлығы 22.11.2025, 17:06 1,165
Мұра мен шығармашылықтың әлемі: Алматыда Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай республикалық дөңгелек үстел өтті
сурет: Алматы кітапханасы

С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында 2025 жылдың 21 қарашасында қазақ балалар әдебиетінің классигі Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай республикалық дөңгелек үстел өтті.

Шараға жазушының немересі *Гүлнар Бегалина,* шөбересі *Ернар Бегалин,* Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры *Рысбек Ермекұлы* және мектеп оқушылары, педагогтар, кітапханашылар мен жазушылар қатысты. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты *Сайлаубай Тойлыбаев,* балалар әдебиетін зерттеуші ғалымдар мен ұстаздар қазақстандық балалар әдебиетінің дамуы және Сапарғали Бегалин шығармашылығының мектеп бағдарламасындағы маңызы туралы баяндамалар жасады.

Өз сөзінде Гүлнар Бегалина жазушының шығармашылық мұрасына көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтіп: 

«Біздің отбасымыз үшін Сапарғали Бегалиннің шығармашылығы өмір сүруін, жаңа буын оқырмандарды шабыттандыруын және біріктіруін көру аса құнды» деді.

Сапарғали Бегалиннің сирек фотосуреттері, мұрағаттық материалдары мен жазушының өмірі мен шығармашылық жолына қатысты деректер ұсынылған арнайы галерея ерекше назарға ие болды.

Батанов орта мектебінің оқушылары жазушы мұрасына арналған шығармашылық номірлерін көрсетті, ал педагогтар классикалық балалар әдебиетіне қызығушылық қалыптастыруға бағытталған шеберлік сабақтары мен пікірталастар өткізді.

Кездесудің ең жарқын сәттерінің бірі – ұстаз Аслан Исабаевтың арнауы болды. Оның жүрекке жеткен жыр жолдары бағдарламаға ерекше эмоциялық реңк беріп, Сапарғали Бегалин мұрасының рухани маңызын айшықтай түсті.

Дөңгелек үстел қазақстандық балалар әдебиетін насихаттаудың, мәдени мұраны сақтаудың және жас ұрпаққа жазушы шығармашылығын таныстырудың маңызды алаңына айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматы — ғажап қала»: Канье Уест концертіне келген шетелдіктер әсерін бөлісті

Бүгін 19:25

Алматы облысында ірі көлік-логистикалық хаб ашылды

Бүгін 17:05

Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады

Бүгін 16:31

Екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебе беріледі

Бүгін 16:07

Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытындыланды

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);