Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын 56 медальмен аяқтады

  • 14:01, 22 қараша 2025
Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын 56 медальмен аяқтады сурет: ҰОК

Эр-Риядта өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындары аяқталып, қазақстандық спортшылар жарысты табысты қорытындылады. Бұл туралы Aqshamnews тілшісі Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, жарыс «One nation – бір ұлт» ұранымен өтіп, 57 елдің спортшылары бақ сынаған. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 56 медаль жеңіп алды: 15 алтын, 20 күміс және 21 қола. Бұл нәтиже ел спортшыларының жоғары дайындығын және халықаралық аренадағы тұрақты өсімін көрсетеді.

Қазақстан 16 спорт түрінен қатысты: жеңіл атлетика, киберспорт, фехтование, гандбол, джиу-джитсу, дзюдо, карате, жүзу, үстел теннисі, таэквондо, ауыр атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, ушу және муай-тай.

Ал бокс, волейбол, ат спорты, 3х3 баскетбол, футзал, дуатлон және түйе жарыстары объективті себептерге байланысты қатыспады.

Ойындардың басты жетістіктері:

  • Қазақстан алғаш рет бірнеше спорт түрінен алтын медаль иеленді: дзюдо (Аруна Жангельдина), үстел теннисі (Кирилл Герасименко және ерлер командасы), муай-тай (Тұрар Дүйсехан), семсерлесу (ерлер командасы) және джиу-джитсу (үш алтын).
  • Спорттық реванш: үстел теннисінде Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасында өзі жеңілген Омар Мухаммед Ассарды тізе бүктірді; ал әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Бахрейннің Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновты ұтты.
  • Алғаш рет гандбол, джиу-джитсу, муай-тай, ушу және фехтование спорттарынан медальдар еншілeді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарын жарқын нәтижемен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:50

18:23

17:53

17:32

17:20

17:13

16:56

16:27

16:00

15:52

15:36

15:32

15:05

14:56

14:50

14:34

14:18

14:15

14:02

12:27

12:22

12:11

12:03

11:50

11:41