Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықта...

«Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар» халықаралық хакатон жеңімпаздары анықталды

Барлығы 23.11.2025, 12:13 344
«Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар» халықаралық хакатон жеңімпаздары анықталды
Сурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

21-22 қараша аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Tech QyzPU Niğde Hack: AI және жұмысшы мамандықтар» тақырыбында халықаралық хакатон өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар хакатон Президенттің жыл сайынғы Жолдауында көрсетілген цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға қатысты тапсырмаларды жүзеге асыруға үлес қоспақ.

Жоба Түркия Республикасының Нийде Өмер Халисдемир университеті және Нийде технопаркімен жасалған екіжақты келісім аясында өтті.

Хакатонның ашылуында Басқарма Төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Сәбит Суатай сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды.

«Хакатон – сайыс қана емес, инновация мен шығармашылықтың мерекесі. Біздің университет жасанды интеллект, цифрлық педагогика, IT және EdTech бағыттарында маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Сондықтан бұл хакатон біздің стратегиялық мақсаттарымызға толық сай келеді», – деді Сәбит Құрманжанұлы.

24 сағаттық жарыстың басты мақсаты – қысқа мерзім ішінде топтық жұмыс арқылы инновациялық бағдарламалық шешімдер әзірлеу. Биылғы додаға еліміздегі онға жуық жоғары оқу орнынан жиырма алты команда қатысты. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыны жоғары жылдамдықты интернетпен, жұмыс орындарымен, электр қуатымен қамтамасыз етіп, тамақ пен сусындарды тегін ұсынды.

«Біз бұл шараны тек жарыс ретінде емес, жаңа кезеңге бастайтын, жаңа мүмкіндіктерге жол ашар баспалдақ деп қараймыз. Сондықтан да хакатонға қатысқан әрбір қатысушыны жеңімпаз деп есептейміз. Осы шараның арқасында алда талай жеңістердің есігі ашылады деген ойдамын. Нийде Өмер Халисдемир университеті тарапынан да ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін қадамдар жасалып жатыр», – деді Нийде Өмер Халисдемир университеті, Компьютер және ақпараттық ғылымдар факультетінің деканы, доктор Алпер Айтекін.

Хакатонның соңында командалар өз жобаларын QyzPU, Нийде Өмер Халисдемир университеті және Нийде технопаркінің өкілдерінен тұратын қазылар алқасына ұсынды. Бағалау нәтижесінде бірінші орынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «NSA» командасы ие болды. Екінші орынға екі команда – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің және Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетінің командасы лайық деп танылды. Ал үшінші орын М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің, Алматы Технологиялық Университетінің және QyzPU командаларына берілді.

Жеңімпаз атанған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «NSA» командасы өз қуаныштарымен бөлісті:

«Алдыңғы жылы да қатысып, 3-орынды иеленген едік. Биыл қауіпсіздік мәселесі өзекті болғандықтан, осы кейсті таңдадық. Үшеуміз міндеттерді өзара бөлісіп алып, 24 сағат бойы бар күшімізді салып жұмыс істедік. Алдағы уақытта жасанды интеллект бағытында тәжірибемізді одан әрі дамытқымыз келеді. Түркияға бұдан да жақсы дайындықпен баруды жоспарлап отырмыз. Университетіміздің атын шығарып, үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенеміз», – деді топ мүшесі, 4 курс студенті Назерке Тұрғанбек.

Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталып, бірінші орын иегеріне қосымша Түркиядағы Нийде технопаркінің акселерациялық бағдарламасына қатысу сертификаты ұсынылды.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халықаралық хакатон #Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті #жұмысшы мамандықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі