AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет Денсаулық сақтау вице-министрін тағайындады

Үкімет Денсаулық сақтау вице-министрін тағайындады

Әлеумет 22.11.2025, 16:01 551 Дина
Үкімет Денсаулық сақтау вице-министрін тағайындады
сурет: primeminister.kz

Әлия Рүстемова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Aqshamnews тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлия Рүстемова 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина университетін және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Талғар аудандық ауруханасында терапевт-дәрігер болып бастаған.

Оның мансабындағы негізгі кезеңдер:

  • 1993–1994 жж. — Алматы қаласындағы №7 емханада және №5 қалалық клиникалық ауруханада терапевт;
  • 1994–2000 жж. — Алматыдағы медициналық ғылыми ұйымдарда клиникалық ординатура және аспирантурада білім алған;
  • 2000–2001 жж. — Талғар медициналық мекемелерінде бас дәрігердің орынбасары;
  • 2001–2005 жж. — Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасында бас маман;
  • 2005–2009 жж. — Алматы облысындағы медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитетінің аумақтық бөлімдерінде басшылық қызметтер;
  • 2009–2010 жж. — Қызылорда облысы бойынша Медициналық қызметтерді төлеу комитеті департаментінің басшысы;
  • 2010–2011 жж. — Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
  • 2011–2012 жж. — Алматы қаласы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің директоры;
  • 2012–2015 жж. — Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі және ғалым хатшы;
  • 2015–2018 жж. — Солтүстік Қазақстан облысындағы медициналық қызметті бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінде басшылық қызметтер;
  • 2018 ж. — Астана қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары;
  • 2018–2022 жж. — Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
  • 2023 жылғы қыркүйектен бері — Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Әлия Рүстемова дәрігерлік қызметтен бастап, денсаулық сақтау саласындағы ірі қалалық және өңірлік құрылымдарды басқаруға дейінгі жолдан өткен. Вице-министр лауазымына тағайындалғанға дейін ол Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тағайындаулар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түрксіб ауданында кәсіпкерлермен экология мәселесі талқыланды

Бүгін 12:18

Отбасы - қоғамның маңызды әлеуметтік тірегі

Бүгін 12:05

Алматының журналистері мен блогерлеріне арналған байқау

Бүгін 12:00

Елімізде шаңырақ көтеретіндер азайған

Бүгін 11:09

Алматыда Университет президенттері халықаралық қауымдастығының өңірлік конференциясы өтеді

Бүгін 11:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);