Алматыда көңілді отбасылық ойындар өтті

  • 16:36, 22 қараша 2025
Алматыда көңілді отбасылық ойындар өтті сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда «Ана, әке және мен – спортты жақсы көретін отбасы» деген ұран қайта жаңғырды. Алмалы ауданындағы бір ауланың тұрғындары үшін аудан əкімдігі мен iConic Creative School, сондай-ақ қалалық Спорт басқармасы бірлесіп «Көңілді жарыстар» атты отбасылық сайыстар ұйымдастырды.

Турнир бағдарламасына турникке тартылу, баскетбол сақинасына дәлдеп лақтыру, қол күрес, арқан тарту, отбасылық эстафета және би сайысы кірді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, сондай-ақ iConic мектебінің қызметіне 10 және 20 мың теңгелік сертификат табысталды.

Ұйымдастырушылар ата-аналарды балалар үшін шабыт беруші әрі үлгі болуға шақырды. Аналар мен әкелер жарысқа ерекше құлшыныспен қатысып, ал жас алматылықтар үздік атану үшін барын салды.

Немересі Адиямен келген Тілеубай Жұмажанов іс-шараға ризашылық білдіріп:

«Балалардың құлшыныспен жарысып жүргенін тамашалау – үлкен қуаныш. Алмалы ауданының бастамасы жалғасын тауып, болашақта кең қолдау көрсе екен», — деді.

iConic мектебінің басшысы Роман Миронов барлық тұрғын жарысқа еркін қатыса алатынын айтып, басты мақсат – балаларды белсенді демалысқа баулу екенін атап өтті:
«Жылдың соңғы жылы күндерін тиімді пайдаланып, балаларға спорттық қызық ойындардың интернеттегіден әлдеқайда қызықты екенін көрсеткіміз келеді. Көпшілігі компьютерлік турнирді жөн көреді, бірақ қарсыласыңды көзбе-көз көріп, әділ жарыста жеңіске жетудің әсері мүлде бөлек. Балалар мен ата-аналардың шынайы қуанышын көріп, өзім де сергіп қалдым.

Бұл бастама қолдау тауып, жыл мезгіліне қарамастан отбасылық жарыстар Алматының барлық ауласында өткізіліп тұрса екен. Мұндай дәстүр сүйікті қаламыздың өзіндік ерекшеліктерінің біріне айналуы мүмкін».

Мұндай ауладағы бастамалар Алматының «Ана, әке және мен – спорттық отбасы» деген рухты мегаполистің жаңа жағдайында да сақтап келе жатқанын көрсетеді. Ауладағы кездесулер көршілерді, ата-аналар мен балаларды біріктіріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, денсаулықты нығайтуға, достықты арттыруға және қалаға деген сүйіспеншілікті бекемдеуге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:00

16:36

16:01

15:08

14:46

14:01

12:05

11:33

11:01

10:33

10:03

09:28

09:05

20:31

19:46

19:44

17:59

17:36

17:27

17:14

16:56

16:33

16:21

16:17

16:12