ffin.kz

Алматыда бала асырап алушылар мектебі не үшін қажет екені айтылды

Алматыда бала асырап алушылар мектебі не үшін қажет екені айтылды Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік пен «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.


Олар қамқоршылық рәсімі, асырап алушы ата-аналардың мектебі және асырап алынған балалардың жаңа отбасыларына  қалай бой үйрететіні туралы айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Ұлттық агенттіктің негізгі мақсаты - балалардың отбасында тәрбиелеу құқығын іске асыру. Осы мақсатқа жету үшін Агенттікте бала асырап алғысы келетін болашақ қамқоршылар, отбасылар дайындалады.



«Психологиялық дайындықтан өту үшін үміткерлер тікелей Агенттікке немесе колл-орталықтың 1422 нөмірі бойынша жүгінеді. Кандидаттармен жұмысты біздің психолог мамандар жүргізеді. Диагностикалық сұхбат барысында біз әр үміткердің себептерін анықтаймыз. Мотивтер конструктивті де, деструктивті де болуы мүмкін. Мысалы, бұл біреу өз қажеттіліктерін қанағаттандыру ниетімен келеді, шын мәнінде балаға бақытты балалық шақ сыйлағысы келетіндер бар. Сондықтан әр үміткердің мотивін анықтау өте маңызды. Осыған сүйене отырып, біз белгілі бір кандидаттармен әрі қарай жұмыс жасаймыз ба, жоқ па, соны шешеміз», - деді «АНА ҮЙІ» ҚҚ бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Фарида Рахметова.



Агенттікте атап өткендей, үміткерлердің 20-30% - ы асырап алушы ата-аналар мектебінен өткен кезде електен өткізіледі. Мұның себебі - қамқоршылардың өз ресурстарының шектеулі екенін түсіну үшін.



«Үміткерлер өздерінде  ресурстардың жоқтығын, асырап алынған баланы қабылдауға дайын емес екенін түсінеді. Негізінен үміткерлер асығыс шешіммен келеді, олар әрдайым баланың өмір сүріп жатқан ортасына  байланысты өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескермейді. Сондықтан мұнда көп жұмыс қажет. Кейбір ата-аналар оқу процесінде бұған дайын емес екенін түсінеді. Біз үшін бұл жақсы нәтиже, өйткені үміткер бастапқы кезеңде баланы отбасына қабылдаған кезде емес, бала үшін жауапкершілікті алуға дайын емес екенін түсінеді. Егер бала қайтарылса, бұл ол үшін өте үлкен соққы», - деп атап өтті Ф.Рахметова.



Мектепте оқу 3,5 ай бойы жүргізіледі және тақырыптық сабақтардан тұрады. Осы уақыт ішінде үміткерлер мамандармен жұмыс істейді, оларға кеңес береді, маңызды сұрақтарға жауап береді, нәтижесінде олар өздерінің мүмкіндіктері мен ресурстарын біледі. Мектепті бітіргеннен кейін үміткерлерге осы дайындықтан өткені туралы сертификат беріледі. Орталық мамандары бала асырап алушы отбасыларды тағы үш жыл бақылайды. 



«Балалар үйінен шыққандар - ерекше бала. Оның өз қиындығы, өзінің басынан кешкен оқиғасы бар, ол соның бәрін жасына қарамастан, өзін асырап алған отбасына ала барады. Оның асырап алған отбасына үйренісуі үшін жақсы дайындық қажет. Біздің мектептің мақсаты мен жұмысы - ата - аналарды балалар үйінен баланы қабылдауға дайындау, барлық қажетті ақпаратты беру, ең маңызды сұрақтарға жауап алу», - деді агенттіктің психологы Ләззат Серімбетова.




Агенттікте өткен жылы диагноз қойылған балаларды асырап алған отбасыларға оңалту және көмек көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Айтуынша, балалар үйіндегі балалар арасында ең көп таралған диагноз – бұл балалардың дамуындағы кешеуілдеу. Бірақ мамандар атап өткендей, түзету және оңалту жұмыстарын жүргізгеннен кейін, бұл диагноздардың жойылатыны жиі кездесіп жатады.



«Мекемеде 4 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, оның 80 пайызы бауырлары бар балалар, заң бойынша оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды, олар - жасөспірімдер және диагнозы бар балалар. Өкінішке қарай, диагнозы бар балаларды қабылдауға ниетті немесе дайын адамдар көп емес. Сондықтан 2022 жылдың мамыр айынан бастап біз оңалту бойынша жаңа пилоттық жобаны іске қостық. Жоба аясында отбасыларға үш түрлі көмек көрсетіледі. Егер операция қажет болса, бұл жағдайда қор қаржыландырумен айналысады. Егер одан әрі оңалту немесе түзету қажет болса, біз орталықтармен шарт жасасамыз, оның қаржыландырылуын біздің қор төлейді», - деді Ф.Рахметова.



Көмектің үшінші түрі - жеке логопед, дефектолог, психологтың қызметтерін алу үшін төленетін атаулы көмек. Көмектің бұл түрі аталған мамандардың орталықтары жоқ ауылдық жерлерде тұратын отбасыларға беріледі. 


Асырап алынған балалар балалар үйіне қайта оралатын жағдайлар жиі кездеседі. Себептер әртүрлі болуы мүмкін, көбінесе ересектердің дайындығы жоқ, дейді сарапшылар.



«Біздің Қордың статистикасы бойынша, жаңа отбасы тапқан балалардың 6% - ы қайтарылды. Мұның себебі, негізінен, ересек адамның қолынан бұл істің келмеуі. Оған ресурс, шыдамдылық жетіспеді. Әрине, ескеретін жайттар да бар, мысалы, қамқоршы қатты ауырып, қайтыс болған кездерде балалар қайтадан балалар үйіне оралды. Сондай - ақ, туған балаларымен қиындық туындайды және осы себепті асырап алынған балалар қайтадан балалар үйіне оралады», - деп қорытындылады Ф.Рахметова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04