ffin.kz

4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні сурет:alashainasy.kz

Қатерлі ісікке шалдыққандар саны азаймай тұр.


Қазақстанда жыл сайын 39 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады, 14 мыңнан астам адам қайтыс болады, онкологиялық есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұр. ҚР-ның өлім-жітім көрсеткішінде онкологиялық аурулардан болатын өлім өлім-жітім құрылымындағы үшінші орынды алып тұр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«2022 жылы біз ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың міндеттерін іске асыруды аяқтадық. Кешенді жоспардың мақсаты қатерлі ісіктердің ауыртпалығын азайту болды. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру кезінде қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің төмендеуінің оң үрдісі бар (2018 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 78,1, 14 369 жағдай, 2022 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 66,4, 13 033 жағдай), көрсеткіштің 9 пайызға төмендеуі байқалды. Өлім-жітімнің төмендеуі барлық аймақтарда тіркелген», – деді ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова Алматыдағы өткен Бүкіләлемдік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған баспасөз мәслихатында.




2022 жылы елімізде қатерлі ісіктермен сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда 199,2 болды, бұл дегенде 39 096 жағдай, алдынғы жылға қарағанда сырқаттанушылықтың 4,7% – ға өсті.


Онкологиялық ауруға шалдығу бойынша бірінші орында дәстүрлі түрде сүт безі обыры, екінші орында – өкпе обыры, үшінші орында – колоректальды обыр, төртінші орында – асқазан обыры тұр.
Өлім құрылымында бірінші орында – өкпе обыры, екінші орында – асқазан обыры, үшінші орында – колоректальды рак, және төртінші орында – сүт безі ісігі тұр.



«Қазіргі уақытта қатерлі ісік ауруын ерте кезеңде анықтау 29 пайызды құрайды. Яғни, әрбір үшінші науқас бізге 0 және 1 обырдың сатыларымен келеді, бұл жалпы бізді қуантады. Жақсы көрсеткіш – онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің төмендеуі. Сонымен қатар, бес жылдық өмір сүру көрсеткіші жақсарды. Қазір диспансерлік есепте 200 мыңнан астам онкологиялық науқас болса, олардың 55 пайызы 5 жыл және одан да көп өмір сүруде. Бұл - жақсы көрсеткіш. Дегенмен, барлық өңірлерде онкологиялық аурулардың саны артқан. Мысалы, 2018 жылы бізде 32 мыңға жуық жаңа қатерлі ісік ауруы анықталса, биылдың өзінде онкологиялық аурулардың 39 мың жаңа жағдайы тіркелді», – деді Диляра Қайдарова.



ҚР-да онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04