ffin.kz

Үкімет отырысында теміржол саласының дамуына қатысты мәселелер қаралды

Үкімет отырысында теміржол саласының дамуына қатысты мәселелер қаралды Сурет: 24.kz

ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста отандық теміржол саласының дамуына қатысты мәселелер қаралды.


Көлік саласына жауапты министрдің айтуынша, 2023 жылдың 10 айында теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 200 млн 46 мың тоннаны құрап, 3 пайызға артқан. Жылдың соңына дейін шамамен 300 млн тонна жүк тасымалданатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Осы ретте теміржол көлігі экономиканың экспорттық бағыттағы қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз ететінін айта кеткен орынды. Яғни, жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 70 млн 700 мың тоннаны, ал өсім 8,5 пайызды құрайды.



«Теміржол көлігі – экономиканы дамытудың маңызды аспектілерінің бірі. Бүгінгі таңда еліміздің географиялық орналасуы транзиттік әлеуетті дамытуға зор мүмкіндік беріп отыр», - деді Көлік министрі Марат Қарабаев.



Транзиттік тасымалдар туралы айта келе, Марат Кәрімжанұлы аталған тасымал түрі белсенді қарқынмен дамып келе жатқандығына баса назар аударды. 10 айдың қорытындысы бойынша транзиттік жүк тасымалдау көлемі 19 пайызға артқан. Өз кезегінде контейнерлік тасымалдар да 15%-ға ұлғайған. Сонымен бірге жолаушыларды тасымалдау барысында да айтарлықтай өсім байқалады.



«Мемлекет басшысының елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде, транзиттік тасымалдарға ерекше назар аударылып отыр. Контейнерлік тасымалдардың көлемі өткен жылғы көрсеткішті 2020 жылмен салыстырғандағы 29 пайызға артты. Соңғы жылдары Қытайдан Еуропа және көршілес елдерге Қазақстан арқылы жөнелтілетін транзиттік жүк көлемі едәуір артып, Қытай Халық Республикасының қазақстандық транзиттік тасымалдаудағы үлесі 27%-ға дейін ұлғайды»,-  деп атап өтті министр.



Саланың ағымдағы жай-күйі туралы айта келе, М.Қарабаев Үкімет мүшелерін саланы одан әрі дамытуды көздейтін алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар барысымен таныстырып өтті. Оның ішінде, шекаралық пунктерді дамыту, магистралдық темір жол желілерін дамыту (жаңа және екінші жолдарды салу, тораптық станцияларды жаңғырту, теміржолдарды күрделі жөндеу), локомотив және жүк вагондарымен қамтамасыз ету, тарифтік саясатты жетілдіру және жолаушылар тасымалына арналған вагондарды жаңарту.


Министрдің айтуынша, жоғарыда аталған бағыттарды жүзеге асыру 2029 жылға қарай транзиттік тасымалдар көлемін айтарлықтай ұлғайтуға жол ашады.


Ел аумағындағы шекаралық пунктілердің қуаттылығына тоқталатын болсақ, бүгінде көрші бес елмен 27 теміржол шекара пунктері арқылы байланыс орнатылған. Айта кетерлігі, Қытай бағытындағы екі шекара пунктін модернизациялау көзделіп отыр. Ал Достық станциясының модернизациялау жұмыстары Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдың құрылысы шеңберінде қарастырылып отыр. Бұл шаралар екі станцияның өткізу қабілетін жылына қосымша 14 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ Бахты – Тачэн үшінші өткізу пунктін ашу, Дарбаза – Мақтаарал темір жол желісінің құрлысы жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43