AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Терроризм туралы фейктің қаупі қандай?

Терроризм туралы фейктің қаупі қандай?

Әлеумет 28.05.2025, 15:15 926
Терроризм туралы фейктің қаупі қандай?
Сурет: Gov.kz

Әдетте терроризм тақырыбындағы жалған ақпараттар қоғамда үрей туғызады. "Біреу айтты екен" деген сыбыс бүкіл халықты дүрліктіріп, салдары қауіптен де ауыр болуы мүмкін, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Фейк дегеніміз не?

Фейк — шындыққа жанаспайтын, әдейі немесе абайсыз таратылған жалған ақпарат. Фейктің қаупі неде?

  1. Дүрбелең туғызады
    Адамдар арасында қорқыныш пен сенімсіздік қалыптасады. Мектептер, балабақшалар босатылады, жұмыс тоқтап, қалалар қаңырап қалуы мүмкін.

  2. Қоғамды адастырады
    Қауіптің нақты қайдан келгенін түсіну қиынға соғады. Бұл арнайы қызметтердің жұмысын да қиындатады — жалған ақпараттың артынан жүгіріп, шынайы қауіпке кеш жетуі мүмкін.

  3. Лаңкестерге көмектесіп жіберу қаупі бар
    Иә, кей фейктер террористердің өздеріне тиімді болуы мүмкін. Себебі қоғам дүрлікті — демек, олар мақсатына жетті.

Фейкті қалай ажыратамыз?

  • Ресми дереккөзге сүйеніңіз: ІІМ, ТЖМ, қала әкімдігінің Telegram-арналары мен сайттарын тексеріңіз.

  • "Біреу айтты" дегенге сенбеңіз: Ақпараттың қайдан шыққанына мән беріңіз.

  • Сурет пен видеоны тексеріңіз: Кей контенттер бұрыннан бар, басқа елдегі оқиға болуы мүмкін.

Фейк таратқандарға қандай жауапкершілік артылады?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату — қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында бұл нақты көрсетілген:

"Көрінеу жалған ақпарат тарату" – айыппұл, қоғамдық жұмыс, тіпті 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына себеп болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терроризм #жалған ақпарат #фейк #қылмыс #антитеррор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Кеше 18:46

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:18

Алматыда Брайль қарпіндегі кітап пен аудиокітап шығару технологиялары таныстырылды

Кеше 16:32

Алматы әкімі Әуезов ауданын жұмыс сапарымен аралап, тұрғындармен кездесті

Кеше 16:21

«MasterSkills – 2026» нан пісіру өнері мен педагогтердің кәсіби шеберлігі

Кеше 16:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);