ffin.kz

«Сүлейменшілер» деген кімдер?

«Сүлейменшілер» деген кімдер? Сурет ЖЖ көмегімен салынды

 «Сүлейменшілер» діни ағымы, олардың тарихы, діни ұстанымдағы ерекшеліктері туралы

 

 

Сүлейменшілер – Қазақстанда және әлемнің басқа да елдерінде әрекет ететін дәстүрлі емес діни ағымдардың бірі. Бұл жамағат Нақшбанди тариқатының бір тармағын ұстанады және негізін қалаушы Сүлеймен Хилми Тунаханның (1888-1959) есімімен аталады.

 

Сүлеймен Хилми Тунахан

 

Сүлеймен Хилми Тунахан діни білімін алдымен өз ауылындағы медреседе бастады, кейінірек Стамбулда жалғастырды. 1916 жылы жоғары білім алып, «Сүлеймания» және «Құзат» медреселерінде оқуын жалғастырды. 1920 жылы Османлы сұлтанының бұйрығымен жалпы ұстаз ретінде қызметін бастады. 1923 жылы Осман империясы құлағаннан кейін, Түркия республикасының құрылуымен елдегі діни саясат өзгеріп, медреселер жабылды. Тунахан қызмет еткен медреселер «Имам Хатиб» мектептеріне айналдырылды, бірақ ол бұл жүйені лайықты деп санамады және өз еркімен қызметінен кетті.

 

Тунаханның қызметі

 

Сүлеймен Хилми Тунахан ресми орындардың қарсылығына қарамастан, Құранды оқыту және діни білім беру жұмыстарын жалғастырды. Ол өз шәкірттерін тәрбиелеп, жер-жерде Құран курстарын ашты. Тунахан бірнеше рет қудалауға ұшырап, түрмеге де отырды, бірақ өз ісін тоқтатпады. Ол 1959 жылы дүниеден өтті.

 

Сүлейменшілердің ұйымдасуы

Сүлеймен Хилми Тунаханның дүниеден өткеннен кейін, оның шәкірттері жамағатты жалғастырып, «сүлейменшілер» деп атала бастады. Жамағаттың алғашқы кезеңінде басқару қарарлары «Кеңес» арқылы қабылданды, оның жетекшілігін Тунаханның күйеубаласы Кемал Кажар жүргізді. Бұл кезеңде жамағат Түркияның көптеген қалаларында, сондай-ақ шетелдерде Құран курстарын ашты.

Сүлейменшілер ХХ ғасырдың 80-жылдарында Түркияда саяси күшке ие болған «Әділет» партиясынан қолдау табу мақсатында осы партия мүшелері арасында құпия түрде белсенді уағыз жүргізген. 1980 жылғы Түркиядағы мемлекеттік төңкеріске дейін ағымның көшбасшысы Кемал Качар (Сүлеймен Тунаханның күйеу баласы) «Әділет партиясынан» Парламент депутаты болған. Сондай-ақ түркиялық БАҚ-та сүлейменшілердің түпкі мақсаты өз жақтастарын көбейтіп, зайырлы республиканың орнына теократиялық мемлекетті құру екені жазылған.

Ресейлік БАҚ-та сүлейменшілер Түркияда бейресми әрекет ететін радикалды діни ұйым ретінде көрсетілген. Радикалды діни идеологиясы үшін Түркияның ресми дін басқармасымен 1995 жылы қатынасын үзген.

Жалпы сүлейменшілер «Ұлы Түркия»/«Ұлы Туран» ұлттық идеясын жақтайтын түркиялық саяси және бизнес өкілдерінің мүддесін жүзеге асырушылар саналады. Олар Түркияның «Ұлттық қозғалыс партиясы» мен «Әділет және даму партиясына» қолдау көрсетеді.

Сүлейменшілер жамағаты қайырымдылықты бүркемеленіп жабық медресе жүйесі негізінде пансионаттар арқылы әрекет етеді. Әлеуметтік тұрғыдан осал жандарға материалдық қолдау көрсету (тегін тамақтандыру, жатақханадан орын беру) арқылы өз қатарына тартып, олардың санасына жамағатшылдық психологияны қалыптастырады. Сектанттық бағыттағы жамағатшылдық идеологияны жақтастары арасында таратып, ресми мүфтиятқа астыртын қарсы әрекет жасап, елдің діндар қауымының ауызбіршілігін бұзады, дінді саясиландырады. Қайырымдылықты бүркемелену арқылы әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды өз қатарына тартып, жамағат мүддесіне берік етіп тәрбиелеп, оларды болашақта өз мүделерін жүзеге асыру үшін саяси және бизнес элита қатарына қосылуына жағдай жасайды.

 

Сүлейменшілердің қазіргі жағдайы

Бүгінгі күні Сүлейменшілер жамағатының басшылығында Сүлеймен Хилми Тунаханның немере інісі Ахмед Ариф Денизолгун тұр. Жамағаттың негізгі мақсаты жастардың діни сауатын ашу, Құранды үйрету және жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар мен студенттерді тегін жатақханамен қамтамасыз ету болып табылады. Түркия жерінде бұл жамағатқа тиесілі көптеген балабақшалар, жеке мектептер, ауруханалар, туристік және қажылық компаниялары, сауда ұйымдары, баспа үйлері тіркелген.

Сүлейменшілер жамағаты өзінің мақсаттары мен әдістерін қоғамда діни және ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы жүзеге асыруда. Алайда, олардың кейбір әрекеттері ресми діни ұйымдармен және мемлекеттік билікпен қайшылықтар тудыруы мүмкін.

 

Қайшылықтар мен қарсылықтар

Сүлейменшілер жамағатының қызметі Қазақстанда кейбір қайшылықтарды тудырады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) олардың кейбір әрекеттерін және діни ұстанымдарын сынға алады. Сүлейменшілердің ресми діни мекемелерге қарсы әрекеттері, зайырлы мемлекет қағидаттарына қайшы келетіндігі белгілі. Олардың қызметі радикалды діни идеологияны жасырын түрде насихаттау және жамағатшылдық психологияны қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Сүлейменшілер жамағаты Қазақстандағы діни және әлеуметтік өмірдің бір бөлігі болып табылады. Олардың қызметі діни білім беру мен қайырымдылық жұмыстарын қамтиды. Алайда, ресми діни ұйымдар мен мемлекеттік билік олардың кейбір әрекеттеріне қарсы шығып, жамағаттың зайырлы мемлекет қағидаттарына қайшы келетіндігін алға тартады. Сондықтан, бұл жамағаттың қызметі қоғамда әртүрлі пікірлер тудыруда және оның болашағы мен ықпалы туралы мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32