AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан мен Қытай жоғары білім беруді цифрландыр...

Қазақстан мен Қытай жоғары білім беруді цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Білім және ғылым 27.08.2024, 16:17 1,681 dulatbekova
Қазақстан мен Қытай жоғары білім беруді цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Сурет: Gov.kz

22-25 тамыз аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова бастаған Қазақстаннан келген делегация цифрлық трансформацияның озық тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ отандық университеттерді трансформациялау үшін практикалық цифрлық шешімдерді талқылау мақсатында Шэньчжэнь және Дунгуан қалаларындағы негізгі нысандар мен білім беру мекемелеріне барды.

Делегация құрамына Қазақстанның он үш жетекші университеттерінің өкілдері мен министрліктің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің өкілдері кірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бірінші кезекте делегация Шэньчжэнь қаласына тоқтап, Қытайдың цифрландыру саласындағы соңғы жетістіктері көрсетілген цифрлық трансформация көрме залына барды. Экспозиция мемлекеттік қызметтерді жақсарту және білім беру мекемелерін дамыту үшін цифрлық трансформацияның әлеуетін көрсетті. Сондай-ақ смарт білім берудің озық шешімдері, соның ішінде ақылды сынып, интеллектуалды операциялық орталық және интеллектуалды ғылыми-зерттеу платформасы көрсетілді.

Сапар аясында министрлік өкілдері қытайлық әріптестермен цифрлық технологиялар және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Цифрландыру саласында ғылыми әлеуетті дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.

«Білім, талант және экономика бір-бірімен тығыз байланысты. Huawei Қазақстандағы зияткерлік білім беруді дамытуға, сондай-ақ ғылым және жоғары білім министрлігімен және негізгі университеттермен ынтымақтастығымызды тереңдетуге және кеңейтуге дайын», - деп атап өтті Huawei компаниясының вице-президенті Ли Цзюньфэн мырза.

Қазақстандық делегация сонымен қатар жоғары білікті мамандарды даярлаудың инновациялық орталығы болып табылатын Шэньчжэнь университеттік қаласына барды.

Сапарды жалғастыра отырып, қазақстандық тарап Дунгуан қаласына барып, Оңтүстік зауытқа және Huawei (R&D) зерттеу және әзірлеу орталығында болды. Қонақтар зауытта қолданылатын өндірістік қуаттар мен озық технологиялармен танысты, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

Министрлік делегациясының Қытай Халық Республикасына сапары цифрландыру, ғылым және білім беру саласында Қытаймен екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Осы сапар шеңберінде бірлескен жобаларды талқылау және тәжірибе алмасу екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға және екі елдің ғылыми және білім беру әлеуетін нығайтуға негіз болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#цифрландыру саласы #ғылым және жоғары білім #Қазақстан #Қытай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);