Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаламыздағы қауіпті ағаштар кесіледі

Қаламыздағы қауіпті ағаштар кесіледі

Әлеумет 17.07.2023, 14:34 783
Қаламыздағы қауіпті ағаштар кесіледі
Сурет: Еgemen.kz

Қолайсыз ауа-райында олар құлап, айналаға зиян келтіруі мүмкін.


Алматыда апатты жағдайда тұрған 85 мыңға жуық ағаш кесіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматыда әр ағаш есепке алынып, оның күтімінің жоспары жасалады. Әкімдіктің мәліметінше, мегаполисте төрт миллионнан астам ағаш пен бұталар өседі. Жергілікті билік абаттандыру жұмысын одан әрі жалғастырмақ ниетте. Көктемде 20 000 қатты ағаш отырғызылса, жыл соңына дейін тағы 300 000 жаңа көшет пайда болады. Атап айтқанда, Алатау мен Наурызбай аудандары көгереді.


Ведомствоның хабарлауынша, қазір Алматыда 485 000 проблемалық ағаш бар. Оның 84 000-нан астамы апатты жағдайда: көше бойындағысы - 35 000, аулалардағыcы - 49 000. Бұлар кесуді қажет етеді. Олардың көбі қаланың орталық және төменгі бөліктерінде орналасқан.



"Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті апатты жағдайда тұрған ағаштарды кесудің бесжылдық жоспарын әзірледі. Мысады, былтыр негізгі жолдар бойындағы, саябақ аумақтары мен аулалардағы 5 мың апатты ағаш кесіліп, орнына 50 мың көшет егілді. Биыл 16 925 мың апатты ағашты кесу жоспарланып отыр. Орнына 169 250 мың көшет егілмек".



Мысалы, қазір Әлия мен Мәншүк саябағында, ҚБТУ мен Биокомбинат бақтарында қураған ағаштар кесілді. Ал Мұхтар Әуезов атындағы театрдың аумағы жыл соңына дейін тазартылады.


Қала әкімдігі кестеге сәйкес жасыл желектерді мезгіл-мезгіл суарып, қоректендіретінін, сонымен қатар ағаштарды биологиялық өңдеумен айналысатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алмаьы #ағаш #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Бүгін 14:34

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісі кеңейтіліп келеді

Бүгін 14:18

Алғыс – бірліктің берік негізі

Бүгін 13:43

Атырауда 83 жастағы енесін өлтірген әйел сотталмайтын болды

Бүгін 12:19

Алматыда “ALGYS FEST” мерекелік концерті өтеді

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі