AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар

Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар

Әлеумет 07.04.2022, 06:22 3,031
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар
stan.kz

Қасиетті Рамазан айында оразаға қатысты жиі қойылатын бірқатар сауалды жауаптарымен ұсынамыз. Бұл жаңадан ауыз бекіткен жамағат үшін қажет болар.


- Намаз оқымайтын адамның ораза ұстауына бола ма?


– Ораза – жеке-дара құлшылық. Намаз оқымаған адам да ораза ұстай алады. Намаз оқымайтын кісі ораза арқылы дінге біртабан жақындап, келер жылдары намазға жығылуы әбден мүмкін. Ораза ұстаған кісіге «Оразаң қабыл болсын!» деп демеу беріп, мұсылманшылыққа даналықпен шақыру – әрбір саналы мұсылманның міндеті.


- Ұйықтап қалып, сәресіні өткізіп алған кісілер не істейді?


– Сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап, яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Бірақ сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн. Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де, сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешірім тілейді», – делінген. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады.


- Ауыз бекіткенде тіс пастасын қолдануға бола ма?


– Тісті мүмкіндігінше сәресі уақыты шықпай тұрып жуып алған абзал. Ал ол мүмкін болмаған жағдайда тамаққа кетпейтіндей етіп аса сақтықпен жууға рұқсат етіледі.


- Аузы берік адамға өзен-көлге түсуге бола ма?


– Ораза кезінде салқындау, жеңілдеу мақсатында өзен-көлге, т.б. жерлерге шомылуға немесе ғұсылдануға болады. Бұл оразаны бұзбайды. Тек ауыздан не мұрыннан ішке су кетіп қалмауын байқау керек.


- Крем жағу оразаны бұза ма?


– Терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды. Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұру, жараның бетіне дәрі таңу, т.б. Тек крем не майды жаққан кезде тым қалыңдатпаған жөн. Себебі, қалың жағылған крем не май дәрет алғанда суды теріге жеткізбеуі мүмкін. Ал теріге су тимеген соң дәрет дұрыс болмайды.


- Тіс жұлдырса не болады?


– Егер адам ораза кезінде тіс жұлдыртатын болса, онда оның оразасы бұзылмайды. Тіс жұлғаннан кейінгі аққан қанның ішке кетіп қалмауын байқау керек. Егер тісінен аққан қанды жұтып қойған жағдайда, тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді.


- Көзге дәрі тамызу оразаны бұза ма?


– Бұзбайды. Себебі, көз бен ішкі қуыстың (тамақ) арасында байланыс жоқ.


- Құлақ пен мұрынға дәрі тамызу ше?


– Құлақ пен мұрынға дәрі тамызу оразаны бұзады. Өйткені, екеуінің ішкі қуыспен (тамақпен) байланысы бар. Яғни дәрінің тамаққа өтіп кету қаупі бар.


- Ораза кезінде асқазанды медициналық құралдың көмегімен тексертуге (зонд жұтуға) бола ма?


– Егер ішке кіретін тарапы құрғақ болса ораза бұзылмайды, ал егер ішке кіретін жағына мазь не болмаса сол секілді заттар жағылса, ораза бұзылады.


–Астың дәмін көру оразаны бұза ма?


– Егер тамаққа ас кетіп жұтынбаса, бұзбайды.


 


Тақырыпқа орай


Күнделікті әдеттеріңізде өзгеріс бар ма?



Жұмахмет ЖАЙЛАУБАЙ, дінтанушы:


Оразаның сан қыры бар. Солардың бірі – өзіңді-өзің тәрбиелеу. Мен 5 жыл немесе 10 жыл бойына ораза ұстап келемін деп мақтанышпен айтып отыратындарды көріп жүрміз. Біріншіден, ораза – Алла мен пенденің арасындағы сыр. Оны жариялап, мақтанышпен айту – оразаның барлық сауабынан айырылу деген сөз. Екіншіден, 10 жыл ораза ұстадыңыз дейік. Қабыл болсын! Бірақ осы жылдарда мінез-құлқыңызда, күнделікті әдеттеріңізде өзгеріс бар ма? Әлде аузыңызды аша салып, темекінің түтінімен «жылап» көрісіп, Рамазан айы бітісімен арақпен шөліңізді басып жүрсіз бе? 10 жылда ең болмаса 5 жаман әдетіңізден ажырай алдыңыз ба?


Жүрегіңізге жылулық орнап, ағайын-туысыңызбен ара қатынасыңыз жақсарды ма, біреуге деген ішкі қыжылыңыз тарқады ма? Егер осы айтқандардың бәрі бұрынғыдай болса, сіздің 10 жыл ораза ұстағаныңыз, басқаны айтпағанда, ең алдымен, өзіңізге керек пе? Сондықтан оразаны көптен қалмайын деген оймен емес, Алланың пендесіне бұйыртқан қасиетті айында жаман мінез бен жағымсыз әдеттерімнен арылып, айналама жақсылықтан жылу сыйлап, өзімді тәрбиелейін деген ниетпен ұстаған әлдеқайда қайырлы. Ораза ұстағанда ойыңызда осындай ниет тұратын болса, бойыңыз да соған үйренері сөзсіз.



Әзірлеген Нұржамал ӘЛІШЕВА.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#рамазан #халық #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та жеңіске жетті

Бүгін 10:58

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);