AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ядролық физика институты немен айналысады?

Ядролық физика институты немен айналысады?

АЭС: Референдум 01.10.2024, 10:43 1,466 Ақтөре ОМАРОВ
Ядролық физика институты немен айналысады?
Суретті түсірген - С.Құсайынов

Атом саласының қызметкері күніне орай Ядролық физика институты Алматыдағы "Арбатта" өз қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды. Институт 1957 жылы құрылған және ядролық физика мен радиациялық физика саласында іргелі және қолданбалы зерттеулермен, радиоизотоптар өндірісімен айналысатын Қазақстандағы жалғыз ғылыми ұйым болып табылады. 

Институттың негізгі мақсаты – атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану арқылы ғылым мен технологияларды дамыту және Қазақстанның индустриалды-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. 

Институт Қазақстандағы радиоизотоптардың 90%-ын өндіреді, олар медицинада, атап айтқанда ПЭТ-КТ диагностикасында қолданылады. Медицина мен өнеркәсіпке арналған изотоп өндірісінде айтарлықтай жетістікке жетіп, 2022 жылы өндіріс көлемін 114%-ға арттырды және алғаш рет Германияға жеткізуді жүзеге асырды.

Институт зерттеу реакторы ВВР-К арқылы заманауи технологиялар үшін қажетті жартылай өткізгіштер мен микрочиптер өндірісіне қолданылатын кремнийдің легирленуін жүзеге асырады. Сонымен қатар, институт гидрогелевтік таңу материалдарын, медициналық өнімдерді стерилизациялау және тіпті топаздарды бояуға арналған технологияларды ұсынады. 

Сонымен қатар, ИЯФ ғалымдары медициналық бұйымдардың радиациялық стерилизациясын жүзеге асырады. Иондық сәуле арқылы медициналық өнімдер толықтай стерильді болады және бұл стерильдік бүкіл қолдану мерзімі ішінде сақталады.

Институт соңғы бес жылда ғылыми зерттеу орталықтары арасында ең көп жарияланған ғылыми жұмыстар саны бойынша бірінші орында тұр. Сонымен қатар, Web of Science және Scopus базаларында Қазақстанның үздік бес ғылыми мекемесінің қатарына кіреді.

Кездесу барысында атом энергетикасының қазіргі әлемдегі орны және оның маңыздылығы туралы кеңінен әңгіме қозғалды. Қазанның 6-сы күні Қазақстанда өтетін АЭС құрылысына арналған референдум қарсаңында институт мамандары халыққа атом энергетикасының ерекшеліктері мен оның өмірдегі маңызы туралы түсіндіріп, кеңінен ақпарат беріп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #ИЯФ #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);