Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Еңбек демалысынан кейін де жұмысқа бейімделуге уақ...

Еңбек демалысынан кейін де жұмысқа бейімделуге уақыт керек - психологтар

Керек кеңес 25.07.2023, 10:38 1,407
Еңбек демалысынан кейін де жұмысқа бейімделуге уақыт керек - психологтар
Сурет: Dszn.ru

Жылда бір келетін еңбек демалысы бітіп, жұмыс орнына оралған сәтте көпшілігі бірден іске кірісіп кете алмай жүреді.


Мұндай жайттар көпшілікке жақсы таныс.Осы жағдайдан шығу үшін не істеу керек?


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтының жүргізген зерттеуін ұсынады. 


Гештальт-терапевт Эльмира Шаниеваның айтуынша, еңбек демалысынан оралғандарға қандай да бір кеңес бермес бұрын, ол адамның қанша уақыт, қашан, қайда, қалай және қандай жағдайда тыныққаны жайлы мәліметтерге мән беру керек. Біреу 3 күн, біреу 1 апта, ал біреу 30 күн демалуы мүмкін. Әлдекім үйінде, әлдекім шетелде еңбек демалысын өткізген болар. Демалыста адам толыққанды өз ресурсын қалпына келтіре алды ма? Біреулер бұл уақытта сырқаттанып қалған шығар, мүмкін саяхатқа бала-шағасымен барып шаршап кетті ме? Әлде адамды құр демалыс жалықтырды ма немесе үй ішіндегі айқау-шу қажытты ма? Мұның барлығы – жекелеген өзгешеліктер, сәйкесінше кеңестер де әртүрлі болмақ.



«Меніңше, ең басты назар аудару керек нәрсе: климат ауыстырсаңыз, орта өзгерсе, ол жақтан келген соң, міндетті түрде, бейімделуге уақыт керек. Мысалы, мен кеше ғана Түркиядан келдім. Маған әдеттегі жұмыс ағынына ілесіп кету үшін уақыт керек. Сіз де өзіңізден сұраңыз: «Маған демалыс керек пе, әлде жұмысқа шығуым керек пе?» деп. Егер шаршап-шалдығып, өз-өзіңізге келе алмай тұрсаңыз, мүмкіндігіңіз болса, 1-2 күн тынығып алыңыз. Ондай мүмкіндік болмаса, сәл-пәл көңіліңіз құлазып, ашуланып алған соң, үлкендерше шешім қабылдаңыз. Өйткені үлкен адам алдында тұрған міндетті, оны орындамаса не болатынын түсінеді ғой», - деді гештальт-терапевт Эльмира Шаниева.



Ал педагог-психолог Шынар Төкенованың айтуынша, кейбір психологиялық әдістер адамның ойын жақсы арнаға бұрып, демалыстан кейінгі күйзелісті азайтып, қызмет ағынына ілесіп кетуіне көмектесетінін айтты. Ол үшін еңбек демалысынан жұмысқа оралған қызметкер мына кеңестерді орындаса болады:
1. Жұмыс үстеліне немесе кабинетіне өзгерістер жасау
2. Өзі ұнатып, таңдап алған жаңа киім кию
3. Өзінің мықты тұстарын жазу
4. Көбірек ортамен араласу
5. Тапсырмаларды оңай-күрделілігіне қарай бөліп шығу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#демалыстан кейін #жұмысқа құлықсыздық #Уақыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика