Еліміздің машина жасау саласында 14 жоба іске қосылмақ

Еліміздің машина жасау саласында 14 жоба іске қосылмақ Сурет: Time.kz

Соның арқасында 2 мың тұрақты жұмыс орны пайда болады.


2021 жылы өңірлерде машина жасау саласымен байланысы бар 14 жобаны іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев осылай деп мәлімдеді.



«Елімізде электротехникалық машина жасау секторы қолға алынған атап өткен жөн. 7 айдың қорытындысы бойынша, бұл сектордағы өсім 28%-ды, өндіріс көлемі 130 млрд теңгені құрады. Өндірістің өсуіне «Қайнар-АКБ» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС сияқты ірі ойыншылардың өндіріс көлемін арттыруы әсер етті. Атап айтқанда, аккумулятор өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге өсті. Өнімдер Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия және Италияға экспортталды», - деді министрдің орынбасары.



Вице-министр темір жол машинасын жасау бойынша 7 айда өндіріс көлемі 150 млрд теңге болғанын айтады. Бұл былтырғы кезеңнің көрсеткішінен 50% жоғары көрінеді. Ал ауыл шаруашылығы машинасын жасау бойынша 7 айда өндіріс көлемі 3 есе өсіп, шамамен 86 млрд теңге болған.



«Тау-кен және мұнай-газ машина жасау кәсіпорындары негізінен жүйе құрушы, мұнай сервистік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. 7 айдың қорытындысы бойынша, екі секторда да жиынтық өндіріс көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% өсіп, 51 млрд теңгені құрады. 2021 жылы өңірлерде 2 мың жаңа жұмыс орнын ашатын, құны 79,6 млрд теңге болатын 14 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр», - деді Марат Қарабаев.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:20

09:10

17:56

17:43

17:26

17:13

17:01

16:44

16:33

16:19

16:01

15:59

15:43

15:31

15:19

15:07

14:55

14:38

14:26

14:18

14:08

12:05

11:41

11:23

11:06