AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елдегі тері өндірісі тұралап тұр

Елдегі тері өндірісі тұралап тұр

Әлеумет 25.07.2022, 04:43 1,523
Елдегі тері өндірісі  тұралап тұр
Сурет: Aikyn.kz

Елдегі тері өндірушілер илеуге қажетті ірі қара малдың терісін таппай тұралап қалған.


Себебі мыңдаған дана сиыр терісі сырт елдерге шикізат ретінде кетеді. Ал қойдың терісі болса, шетелге өтпейді. Амалы қалмаған шаруалар шикізатты қоқысқа тастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Бұрын ұсақ мал терісінен де табыс тауып келген шаруалар қазір оны тиынға болса да алатын адам таппай әлек. Тығырыққа тірелген тері өндірушілер мен шаруалар биліктен көмек сұрайды.


Тау болып үйілген теріні қоқыс полигонына жөнелтеді. Айнала өлексе сасымас үшін, тері төгілген жерді күн сайын өртеп тұруға тура келеді. Мал терісі бұрын табыстың бір көзі болса, бүгінде шаруаларға қосымша жүк болып тұр.



«Терісі ешкімге керек болмағаннан кейін күнделікті қоқысқа кетеді. Алып жатқан ешкім жоқ. Қабылдап жатқан еш жер жоқ. Осы аймақта қанша осындай шаруалар бар. Бәрінікі қоқыста жатыр», - дейді Қозыбай Атбағаров есімді шаруа.



Отандық өндірушілер де қой терісін өңдеуге құлықсыз. Өйткені одан жасалған жартылай фабрикатқа шетелден сұраныс жоқ. Ал, елімізде иленген қой терісінен бұйым жасайтын отандық кәсіпорын жоқ. Есесіне жылына елімізде екі жарым млн данадан астам ірі қара мал терісі жиналады. Оның өзін делдалдар ақшасы үшін шетел асыруға бейімделіп алған.



«Аусылға байланысты теріні Ресейге шығармайтын. Енді қазір аусылдың карантин уақыты бітіп, шекара ашылғаннан кейін терінің барлығы сол Ресейдің тарапына қарай ақырын ауып кетіп жатыр. Сол себепті мен тікелей өзіме қатысты алатын болсам, зауытта қазір тері жоқ. Тері болмаған соң, зауытымыз тоқтап тұр», - дейді Қазақстандағы Тері өндірушілер қауымдастығының төрағасы Нұрман Нүптекеев. 



Елімізде ірі қара мал терісін өңдейтін ірілі-ұсақты 10 кәсіпорын бар. Олардың көпшілігі бірде істеп, бірде тоқтап тұр. Бірінің тозығы жетсе, біріне шикізат жетіспейді. Ал, осы уақыт аралығында дайын теріден бұйым жасайтын өндіріс орыны іске қосылмапты. Қазір тері өндіру саласының фукцияларын Индустрия министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне толық өткізу жұмыстары жүруде.



«Елімізде былғарыдан бұйым жасайтын кәсіпорынның нарықтағы үлесі небәрі 4 пайызды ғана құрайды. Қазір бізде екі зауыт толық жұмыс істеп тұр. Оның өзі кеңестік кезеңнен қалып, қайта жөндеуден өткендер. Ал, жаңа өндіріс орыны ашылмады», - дейді ҚР ИИДМ Ауылшаруашылығы өндірісі басқармасының сарапшысы Айгерім Исабекова. 



Қазір Тері өндірушілер қауымдастығы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі теріден желатин жасайтын зауыт құрылысын жүргізу үшін келіссөздер жүргізуде. Сабақты ине сәтімен шықса, елдегі бүкіл мал терісі тамақ өндірісіне бағытталмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мал терісі #шикізет #мәселе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мамырда өтетін мерекелерге дайындалып жатыр: Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мәдени іс-шаралар бағдарламасы

Бүгін 13:24

Парламентте жануарларға жауапкершілікпен қарау заңы қабылданды

Бүгін 12:12

 Almaty Hub-та Waze және Moovit негізін қалаушы Uri Levine воркшобы басталды

Бүгін 11:57

Алматыда шетел азаматтарына бақылау күшейді

Бүгін 11:09

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін 10:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);