Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Батыс пен әлем текетіресі

Батыс пен әлем текетіресі

Саясат 05.09.2023, 04:48 1,246
Батыс пен әлем текетіресі
almaty-akshamy.kz

Мәскеу мен Бейжіңге қандай пайда әкелмек?


 


Қазір әлемде күрделі геосаяси жағдай қалыптасқан. Әскери қақтығыстар мен экономикалық санкция елесі кезіп жүр. Мұндай жағдайда әр мемлекет өз ұлттық мүддесіне сай әрекет етуде. Мәскеу мен Бейжің көпполюсті әлем жайлы жиі айта бастады. Бұл әлемде бір не екі алып держава болмайды дегені. Бір қарағанға ниеттері дұрыс сияқты. Алайда, мәселенің байыбына бармай жатып, жақсылыққа жорымаған абзал.


 


 Мәскеудің жолы


Батыс пен өзге әлем текетіресі бәзбі­реулерге тиімді. Олардың кім екенін білу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Соңғы уақыттағы Мәскеу мен Бейжіңнің саяси мәлімдемелерінде әлемді Батыс өрке­ниетіне қарсы қайрайтын сөздер жиі ай­тылуда. Алайда, екеуі екі түрлі жолмен өз ниетін жеткізуде.


Ресей ашық түрде Батыс әлемін айып­тап келеді. Сөзімен ғана емес, ісімен де ашық текетіреске түсті. Мұндай бетбұрыс қашан болды деген сұрақ туындауы мүмкін. Ол Владимир Путин билікке кел­геннен бастау алды. Оған дейін жағдай басқа болатын. 1991 жылы КСРО ыдыра­ды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде орнаған екі полюсті тәртіп келмес­ке кетті. Он жылдай әлемде АҚШ үс­темдігі орнады.


2000 жылдардың басында В.Путин билікке келісімен елдің ішкі мәселелерімен айналысты. Сыртқы саясатында дипломатия үстемдік етті. Батыс әлемімен барынша жақындасуға тырысу әрекеттері байқалды. Алайда, 2008- 2009 жылдардағы әлемдегі қаржы-экономикалық дағдарыс, әрі билікті ұстап қалу ниеті сыртқы саясатта бетбұрыс жасауға мәжбүр етті.


2000 жылдардағы мұнай сатқаннан біз ғана емес, Ресей де байыды. Халықтың әл-ауқаты жақсарды. Әлеуметтік жағдайы жақсарған халықтың билікке деген сенімі жоғары болатыны айдан анық. Ал дағдарыс қалыпты жағдайды өзгертті. Енді қалтасы тарылған халыққа басқа нәрсе беру керек еді. Жауап та табыла қалды. Мемлекет сыртқы саясатты агрессивті жүргізе бастады. Дипломатиядан гөрі саяси мүдде алға шықты. Басты сыртқы жау ретінде АҚШ бастаған Батыс елдері атала бастады. Мұнда Кеңес үкіметі санаға сіңдірген америкалық қауіп қолданылды.


Енді міне, қазір көрші елдің әр мәлімдемесінде Батысты айыптау басым. Соңғы болған ШЫҰ, BRICS сияқты ұйымдардағы кездесулерде осындай мәлімдемелер жасалуда.


Бейжің жолы


Ал Бейжің болса өз мүддесін астарлап жеткізуде. Ол үшін өзі мүше түрлі халықаралық ұйымдарды қолданып келеді.


Оларға ШЫҰ, BRICS сияқты халықаралық ұйымдар кіреді.


Қытай елінің сыртқы саясаттағы бетбұрысы оңай болған жоқ. Әр әрекетін жеті рет ойлап бір кесетін мемлекетте саяси шешім қабылдау ұзақ мерзімге негізделеді. Шығыстағы көршіміз сыртқы саясатта экономиканы саяси амбициядан жоғары қояды. Мұндай дәстүр Дэн Сяопиннің кезінен басталды. Алайда, осыдан он жылдай бұрын жағдай өзгерді. Оған Си Цзинпиннің билікке келуі әсер етті. Ол 2012 жылдан бері Қытай коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы қызметін атқаруда.


Қытайдың қазіргі басшысы билікке келгеннен бері елдің сыртқы саясаты өзгерді. Өз мүддесін жасырып келсе де өзгеріс байқалады. Оған түрлі факторлар әсер етті. Ең алдымен, Си Цзинпиннің жеке саяси амбициясын атап өткен жөн. Ол Дэн Сяопиннің негізін салған саяси дәстүрді өзгертті. Қазір енді ұзақ мерзім билікте отыруға ниетті.


Екінші себеп – сыртқы фактор. Оған Дональд Трамптың АҚШ президенті болған жылдары жүргізген сыртқы саясаты әсер етті. Ол 2016–2020 жылдары АҚШ-ның президенті болды. Ол билікке келісімен Қытаймен сауда- экономикалық қарым-қатынас нашарлады. Олай боларыда алдын ала белгілі болған . Өзінің сайлау алды бағдарламасында Қытаймен сауда байланысын сынға алып еді. Осылайша сыртқы жау табу арқылы сайлауда жеңіске жетті.


Билікке келісімен сайлаудағы уәделерін орындай бастады. Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, АҚШ– Қытай сауда байланысында шынымен де Вашингтон әлсіз болып көрінген. Себебі, олардың Қытайға сатқанынан гөрі, сатып алғаны көп. 2017 жылы АҚШ-тың экспорты 187,5 млрд доллар болса, экспорты 522,9 млрд болған. Соған орай, Трамп 2018 жылдың 23 қаңтарында Қытайдан келетін тауарларға салынатын тарифті 30% етіп бекітті. Бұдан кейін екі ел арасында сауда соғысы басталды. Қазір екі ел арасындағы кикілжің уақытша басылды. Дегенмен, текетірес әлі жалғасуда.



Көпполюсті әлемді қалай орнатпақ?


Мәскеу мен Бейжің экономикалық жағынан дамушы және артта қалған елдерді Батыс әлеміне қарсы қоя бастады. Олардың сөзінше G7 деп аталатын дамыған елдер өзге елдердің дамуына кедергі келтіруде. Ал шындығында, олардың жеке мүддесі бар.


Биыл наурыз айында Ресей мен Қытай басшылары екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайтты. Ортақ мәлімдемеде екі ел біржақты санкцияларға және экспортты сырттан шектеуге қарсы екенін атап өткен. Санкция дегені Батыс елдерінің Ресейге қарсы экономикалық шектеу саясатын меңзейді. Ал экспортты сырттай шектеу дегені АҚШ-тың 2018 жылы Қытайдан келетін экспортты шектеу саясаты. Сондай-ақ, Батыс елдерінің экологияны қорғауға қатысты бастамаларының астарында өзге елдердің сыртқы саудасын шектеу жатыр деген пікірде.


Жақында өткен BRICS саммитінде де осыған ұқсас ойлар айтылды. Ұйым мүшелері көбейіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты мүшелердің санын арттыруды және Бүкіләлемдік сауда ұйымындағы ойын ережелерін өзгертуді көздеп отыр.


 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәскеу #Бейжің #Мәскеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика