Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақылы декрет 1,5 жылға дейін ұзартылады

Ақылы декрет 1,5 жылға дейін ұзартылады

Әлеумет 16.09.2022, 05:45 1,442
Ақылы декрет 1,5 жылға дейін ұзартылады
Сурет: Inform.kz

Алматыда отбасыларды қолдау моделі түсіндірілді.


«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ләззат Сағынбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде бала күтімі кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін өсетінін хабарлады. Бұл Мемлекет басшысының өз Жолдауында айтқан бастамасының нәтижесінде болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Ләззат Сағынбекованың айтуынша, бүгінде балалы отбасыларды қолдау моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды. Әлеуметтік кодекс жобасында осы әлеуметтік қолдау шараларының барлығы толық сақталған. Алайда, отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілуде.



«Ең негізгілерінің бірі – бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұлғайту. Осы ретте, аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылады. Бұл құқықты жарты миллионға дейін ата-ана пайдаланатын болады. Оған қоса, бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуге тиіс. Бұл төлем бүгінде МӘСҚ-ға аударымдар жүргізілген табыстың 40%-ын құрайды», - деп хабарлады ӨКҚ спикері.


Ал жұмыс істемейтін немесе бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан кем жұмыс өтілі бар ата-аналар жәрдемақы мен төлемдерге тек мемлекеттік бюджеттен ғана үміткер бола алады.  
 
«Бүгінде, бала күтімін атқаратын ата-ана еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда, бала күтіміне төленетін жәрдемақы тоқтатылуға қажет. Жаңа Кодекс бойынша осы санаттағы отбасыларды қолдау үшін төлемдер тоқтатылмайды және республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшеріне сәйкес төленеді», - деп түсіндірді спикер. 



Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталды.



«Карта – бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы олардың күн сайынғы «электрондық хабарлаушысы». Мемлекетпен қызмет көрсетудің проактивті форматының тағы бір жаңа құралы. Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа тиісті органдарға жүгіну қажеттілігінсіз мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады», - деді Л. Сағынбекова.



Бастапқы кезеңде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде отбасылардың әл-ауқатының деңгейін және оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын айқындау бойынша жұмыс жүргізілді.


Қазірдің өзінде цифрлық картада шамамен 6 млн отбасы мен оның 19 млн мүшесі туралы деректер бар және «отбасы портреті» деп аталатын мәліметтер қалыптастырылды. Карта деректері отбасы және оның мүшелері мәртебесінің өзгеруіне қарай жаңартылады.
 
Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы анықталған кезде әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін СМС-хабарлама жіберіледі.
 
Келісім алғаннан кейін – әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, кейіннен алушының банк шотына аударылады.


Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылады: 
- 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызметтер алу мүмкіндігі ұсынылды;
– 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады;
- 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Декрет #ақылы #ұзарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақпараттық науқанға еліміздің барлық өңірінің жастары белсенді қатысып жатыр

Бүгін 19:13

Әлеуметтік сала өкілдерінің үні – конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған

Бүгін 19:04

Түркістан әуежайына 14 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін 17:47

1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

Бүгін 17:35

Қазақстандық ғалымдар сейсмикалық қауіпсіздікке арналған отандық технологияны сынақтан өткізіп жатыр

Бүгін 17:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі