Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтарға зейнеткерлік жасы туралы айтылды

Алматылықтарға зейнеткерлік жасы туралы айтылды

Әлеумет 16.09.2022, 05:45 1,286
Алматылықтарға зейнеткерлік жасы туралы айтылды
Сурет: 365info.kz

Әйелдердің зейнеткерлікке 61 жасында шығатыны хабарланды.


Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Президенті қыркүйек айындағы Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакетін түсіндіру бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризвангуль Дараева әйелдер зейнеткерлікке 61 жасында шығатынын хабарлады.



«Жолдау шараларының бірі 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде 5 жылға жоспарланған арттыруды тоқтата тұрумен байланысты болды. Бұл шешім коронавирустық пандемияның азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсерін ескере отырып қабылданды. Келесі 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады», - деді Ризвангуль Дараева.



Сонымен қатар, Президент Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру туралы айтылды. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу.


Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады. Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн зейнеткерді қамтиды.


Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға өсіруге (3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.


Сондай-ақ Ризвангуль Дараева БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясы әзірленетінін хабарлады.



«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы активтерін тиімді басқаруды арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясын әзірлеу және зейнетақы активтерін басқаруға инвестициялауда үлкен тәжірибесі бар кәсіби және ашық жеке компанияларды тарту жоспарлануда», - деп жалғастырды спикер.



Бүгінде азаматтардың зейнетақы активтерінің бүгінгі көлемі 13 трлн теңгеден асты, БЖЗҚ инвестициялық портфелінің табыстылығы өткен жыл үшін 11,13%-ды құрады.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зейнет #Алматы #жолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика